Жер шарын айналып шығатын экологиялық кеме

Жер шарын айналып шығатын экологиялық кеме
Фото: plus.google.com

Әлемдегі ең тұңғыш толыққанды экологиялық кеме Energy Observer бірнеше айдан кейін жер шарын айналып шығу үшін саяхатқа аттанады.

Ұзындығы 31 метрлік катамаран да жер шарын айналып шыққан тұңғыш күн батареялы Solar Impulse ұшағын жасаған компанияның  өнертабысы болып табылады. 

Сапар барысында 100-ден астам аялдама жоспарланып отырған Еnergy Observer кемесінің жалпы саяхаты 6 жылға созылмақ.

Жуық арада біз де экологиялық таза, қоршаған ортаны ластамайтын көлікпен ғана саяхаттауымыз әбден мүмкін.

expo2017astana.com

@. @assel_assanova