Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Алматыда тағы 3 жолайрық салынатын болады

Алматыда тағы 3 жолайрық салынатын болады

Алматыда тағы 3 жолайрық салынатын болады

Алматыда автокөліктерге арналған тағы да 3 жолайрық салынатын болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қала әкімі орынбасары Виктор Долженковтың басшылығындағы қала құрылысы кеңесі қаладағы 3 жолайрық жобасына қол қойды. Құрылыс Әл Фараби көшесі мен Ремизовкаға апаратын жолдың қиылысында, Сайын және Рысқұлов, Райымбек пен Қалқаман поселкісіндегі Әуезов көшелерінің қиылысында жүргізілетін болады.

"Бірінші жолайрық туннельдік типпен салынады. Жүргізушілерге солға бұрылуға жағдай жасалып, батысқа қарай бұрылып айналу мүмкіндігі пайда болады. Рысқұлов көшесі мен Сайын даңғылы қиылысындағы жолайрық жоңышқа жапырағы принципі бойынша үш қабатты етіліп салынады. Үшінші жолайрық жобасы екі бұрылу эстакадысынан тұрады", - деп хабар таратты баспасөз қызметі. Жоба қазіргі кезге пысықталу үстінде.

Айта кетелік, қазіргі уақытты қалада алты ірі жолайрық құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, Әл Фараби мен Розыбакиев, Әл Фараби мен Дулати, Сайын және Торайғыров, Сайын және Жұбанов, Райымбек пен Момышұлы, Кулджинский және Халиуллин көшелерінің қиылысында жұмыстар қызу жүріп жатыр. 2012 жылдың аяғына дейін Райымбек пен Момышұлы, Кульджинский мен Халиуллин көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтардың құрылыс жұмыстары соңына жетеді деп жоспарлануда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

көрнекі сурет: kursiv.kz

1533 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 03 қыркүйек 2012, 17:05
Тегтер: жолайрық, Алматы,
Пікірлер
+0
03 қыркүйек 2012, 18:05

тезірек бітсінші осы құрылыстары )

+0
19 қыркүйек 2012, 19:44

суреттегідей ваще болмайтын сияқты ғой бізде :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев