Peugeot 206 sedan

Peugeot 206 sedan

 Еуропалық Peugeot 206  жаңа үлгімен толықтырылды. Хэтчбек, купе-кабриолет пен универсалдардың қатарына осы үлгінің седаны қосылды.

 "Peugeot" көліктерінің қатарында бұрын-сонды осындай шанақтың түрі болмады. Олқылықтың орнын басу үшін автоөндірушілері батыл қадам жасап, 206 Sedan-ды жарыққа шығарды. Қолжетімді седан Иран еліндегі "Iran Khodro" зауытында шығарылады. Елдегі жұмыс күшінің арзандығы мен жинақталу оңтайлығының арқасында седанның бағасы Еуропада шығарылатын үлгі топтамаларынан төмен. Осыған қарамастан, көліктің жинақталуы жақсы деңгей көрсетуде. Көліктің сыртқы келбеті де сүйкімді. Седан шанағындағы жүк салғыштың көлемі орташа - бар- жоғы 384 л. Бірақ артқы отырғыштарды  жинау арқылы оның көлемін айтарлықтай үлкейтуге мүмкіндік бар. Айтпақшы, жүк салғыш есігінің ішкі жағы түктен жасалған матамен қапталған.

Салон

Седанның салоны «франциялық» 206-лардікіндей. Дизайн мен материал жағынан Франция пен Иран көліктері бір-бірінен еш ерекшеленбейді. 

Тест

Жүрісімізді енді бастағанда орталық құлып барлық есіктерімізді жауып тастады. Рөлде орналасқан пернелер арқылы жергілікті радио станция толқынына қосылып желмен жарысып келеміз. Құлағымыз әсем әуенде. Көліктің жинақталуында қауіпсіздік жастығы, рөл электркүшейткіші мен алдыңғы терезелердің электр көтергіштері бар. Тұманға қарсы шамдардың бамперде орын алуы көптеген жүргізушілердің көңілінен шығатынына сенеміз. Осының бәрі стандарттық жинақталудың ішіне кіреді. Жаман емес. Әдетте, қолжетімді көліктердің базалық жинақталуы қарапайымдау болады. Жол бойындағығы ойыс-шұңқырларды айналып өту мазалағанымен, көлікті басқару қиындық  келтірмеді. Көлік өз траекториясын  лезде ауыстыруымен қуантып қана қоймай, шанақ қисаюының  төменгі деңгейін  көрсеткен. Біздің байқағанымыз седанның подвескасы хэтчбекке қарағанда сәл    жұмсарған секілді. Қисық жолда көліктің артқы жағы теңселіп тұратыны біртүрлі екен. Өндірушілер подвесканың артқы конструкциясын  универсалдан алса керек. Қосымша орнатылған екі тұрақтандыру жабдықтары  көліктің «мінезін» жақсартуға бағытталған.  Кедір-бұдыр асфальт көлікке әсер ете қойған жоқ. Бірақ айқыш-ұйқыш жолдарда салондағы майда-шүйделер сықырлай бастады, бұл барлық арзан көліктерге тән қасиет. Отырғыштардың сапасы  өте жақсы деп айта алмаймыз. Егер ұзақ сапарға шығуды  жоспарласаңыз,  жиі-жиі физикалық жаттығуларды жасауға тура келеді. Көлемі 1,4 л  75 күшті базалық қозғалтқыш өзін  жақсы жақтан көрсетті. Трассаларда өзін сенімді көрсетіп қана қоймай, жолдағы фургондарды да  басып озған. 350 шақырым жүріп өтуге көліктің жарты бакқа жетпейтін жанармайы кетті. Көлікті көп айдамайтын және жылдамдыққа құмар еместерге базалық қозғалтқыштың күші жетіп жатыр. Ал қалғандардың назарына 110 күшті, көлемі 1,6 л қозғалтқышты ұсынамыз. Айтпақшы егер қосымша ақша төлесеңіз, автоматты беріліс қорабы бар көлікті сатып ала аласыз. Базалық жинақталуда  «автомат» қарастырылмаған.

 206  седанның кемшіліктері жоқ емес, бірақ өз бағасына лайықты шешім десек болады. Конструкторлық жағынан қарастырсақ, үлгі әлі ескіре қоймаған. Көлік дизайны көз тартарлық - дизайнерлердің еңбегі. Peugeot-ның жинақталуы да өзге көліктерге қарағанда ұтымды болып көрінеді."206 Sedan Қазақстан нарығында өз қожайындарын табатынына күмән келтірмейміз.

Суреттер market.autoua.net сайтынан алынған