Қашықтан басқарылатын ең үлкен ұшақ (Видео)

Қашықтан басқарылатын ең үлкен ұшақ (Видео)

Радиобайланыстың көмегімен басқарылатын ұшақты баланың электронды ойыншықтарына балауға болады. Дегенмен бұл ойыншық болуға шамалы үлкендік етуі сияқты.

Жолаушы тасымалымен айналысатын Singapore Airlines компаниясының инженерлері балалық шағын еске алу мақсатында қолданыстағы ұшақтың кіші аналогын шығарған. А-380 сандық атауына ие болған ұшақтың ұзындығы 4,8 метр, ал салмағы небәрі 70,8 кг екен.

Аналогтың құрылу мақсаты ұшақ өндірісінің дамуына бағытталған екен. Сонда да сынақтан өту кезіне жиналған қауымның көп бөлігі жас бүлдіршіндер болыпты.

Сурет: www.youtube.com

Ж. Өрісбай