- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- «Instagram» құны қаншаға...
«Instagram» құны қаншаға бағаланып отыр?
Бүгінгі таңда «instagram» әлеуметтік желісі аса жоғары танымалдылыққа ие болып келеді. Жақында «Citigroup» компаниясы әлеуметтік желі сатылар болса, қаншаға бағалануы мүмкін екенін хабарлады.
Компания сарапшысы Марк Мэй айтуы бойынша, әйгілі америкалық «facebook» компаниясы иелігіндегі сурет жариялауға арналған әлеуметтік желі құны бүгінде 35 миллиард АҚШ долларын құрайды екен. Ал 2012 жылы «instagram»-ды Марк Цукерберг небәрі 1 миллард АҚШ долларына сатып алған еді. «Citigroup» болса осыған дейін әлеуметтік желіні 19 миллиард АҚШ долларына бағалаған еді болатын. Алдағы уақытта «instagram»-ның құны көрсетілген сомадан да шарықтауы бек мүмкін.
Өткен аптада әлеуметтік желі жаңартулар мен өзгерістер енгізу мақсатында жалған қолданушылардың парақшаларын өшіру бағдарламасын іске қосты. Қолға алынған жоба «instagram» абыройына әсер етпейді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда әлеуметтік желінің 300 миллионнан астам қолданушысы бар. Соңғы 9 айдың ішінде 100 миллион адам тіркелген. Олар күніне 70 миллионнан астам фото мен бейнебаяндар жариялайды екен.
Айта кетейік, жақында ғана «instagram» қолданушылар саны бойынша «twitter» әлеуметтік желісін жолда қалдырған еді.
Сурет: lookatme.ru
О. Сансызбай