Instagram қолданушылар саны бойынша Twitter-ден озып кетті

Instagram қолданушылар саны бойынша Twitter-ден озып кетті

Инстаграмға соңғы 9 айда 100 миллион адам тіркелген. Осылайша, қолданушыларының саны 300 миллионға жетті. Бұл даму көрсеткіші өткен жылғы қарқыннан әлдеқайда жоғары.

Айта кетсек, микроблогтарға арналған Туиттер желісінде небары 284 миллион аккаунт бар екен. Одан бөлек, Туиттерге күнделікті Инстаграмның 300 миллион қолданушысы кіреді.

«Біздің желінің қолданушыларының саны 300 миллион болғанына қуанамыз. Төрт жыл бұрын екі достың арманынан туған әлеуметтік желі бүгінде халықаралық деңгейге жетті. Қазір желіде күніне 70 миллион фото және видео материалдар жарияланады», – деп жазды Инстаграм ресми блогында.

Қазір желіде 30 миллиардтан астам фотосурет бар. Бұл көрсеткіш құрастырушылардың о баста жоспарлаған межесінен де көп.

Естеріңізге сала кетсек, Instagram-ды 2012 жылы Facebook компанясы сатып алған. Марк Цукерберг оған миллиардтаған қаржы құйып, үлкен мақсаттар қойған еді. Құйылған қаржы өз нәтижесін бере бастаған секілді.

Сурет: www.wired.com

Ж. Өрісбай