Lamborghini жаңа джип ұсынады

Lamborghini жаңа джип ұсынады

Lamborghini маркасының Urus моделі 2017 жылы сериялы өндіріске жіберіледі де, модельдер қатарындағы ең арзан көлік болады екен. AutoExpress-тің хабарлауынша, бұл көлік сатылымға 160 мыңнан жоғары бағамен шығады.

Бұл итальяндық компанияның негізін1963 жылы Ферруччо Ламборгини  қалады. Одан кейін ол тоғыз жыл билеген еді. Қазіргі күнде Lamborghini компаниясының иесі Audi AG.

Бұған дейін Lamborghini алғашқы итальяндық маркалы джип түріндегі көлігін шығаратынын және оған Urus атауын беретінін жоспарлап хабарлаған еді. Бұл модельдің бірнеше жыл ішінде сериялы өндіріске жіберілетіні жайлы Lamborghini компаниясының 50-жылдығын атап өту салтанатында Audi AG-дың басқару төрағасы Руперт Штадлер хабарлаған еді. Шанақ(кузов) жеңіл композитті материалдар мен карбоннан жасалады.

Суретке мұқият қарайтын болсақ, бұл көлік Porsche Cayenne, Audi Q7 көліктеріне ұқсас екенін байқаймыз. Алайда бұл модель олардан жеңілірек екен. Urus 5,2 литр көлеміндегіі V10 моторымен шығатын болады.

Бұл идеяны Bentley де қағып алып, жақын арада джип көлігін шығаратыны жайлы хабардар етті. Ол да Urus секілді Porsche Cayenne, Volkswagen Touareg және Audi Q7 көліктерімен бір платформада болатынын айтты.

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: vk.com

Ф. Абилова