Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Ауди велосипед жасауға көшкен бе?

Ауди велосипед жасауға көшкен бе?

Ауди велосипед жасауға көшкен бе?

Келесі аптада Audi компаниясы "Wörthersee" атты  электрлік велосипедтің прототипін халық назарына көрсетпек. Бұл өнімнің құрылысында неміс автоөндірісінде қолданылған түрлі технологиялардың біршамасы қоданылған. Австриялық  Каринтия қаласында өтетін презентацияда велосипедті  байкер-сынақшы Жульент Дупонт пен маунтингбайк өнерінің хас шебері Петра Бернхард сынақтан өткізіп, сұмдық әрекеттерді көрсететін болады.

"Электробайктың" массасы 11 келіні құрап, тірек рамасы полимерден жасалынады. Бұрылыс пен түрлі әрекеттерді орындау үшін "байктың" ауырлық салмақ ортасы төмендетіледі. Велосипедтің «Audi ultra blade» стилінде орындалған 26 дюймдік дөңгелектері көміртегі талшықтарынан жасалынғандықтан, олардың салмағы өте жеңіл. Қуаты 2,3 кВт болатын электрқозғалтқыш жолаушының ұзақ сапарға шығуына мүмкіндік береді, ал егер жолда  литий-иондық батареяның заряды отырып қалса, оны қосымша құрылғыға ауыстыруға болады. 

Көлікте орнатылған сенсорлық экранның немесе оған тікелей қосылатын смартфонның көмегімен жүргізуші жүрудің бес түрлі типін таңдай алады. Егер «Pure» тәртібінде жүргізуші велосипедті педаль арқылы жүргізіп отырса, «Power Wheelie» тәртібінде электрқозғалтқыш қосылып, жылдамдықты әлдеқайда жоғарлатуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, бұл тәртіпте жылдамдықты 60 ш/с-қа дейін жеткізіп,  50-70 шақырым жерді бір заряд көлемінде жүріп өтуге болады. Айтпақшы, бұл "темір-терсекті" зарядтауға 2,5 сағат уақыты кетеді. Жылдамдық пен тежегіш механизмдері мотоциклдердегідей. Электрқозғалтқыштың баптауларын смартфонның көмегімен өзгертіп отыруға болады.

Сондай-ақ, велосипедтің "миы" жүргізушіге оны басқаруға, сұмдық әрекеттерді орындауға көмек береді. Мысалы, қолданушы артқы дөңгелекпен жүрем десе, оған тек керекті тәртіпті таңдау ғана керек болады. Ал "Power Wheelie" функциясы тәжірибелері аса көп емес жүргізушілерге тауға шығуға көмектеседі. "Balanced Wheelie" тәртібі спорттық әрекеттерді жасауға негізделіп, велосипедтің балансын сақтай отырып, жүргізушінің құлап қалмауын қадағалайды. «Training» тәртібінде бірқалыпты жылдамдық сақталып, жүргізуші күнделікті жаттығуларын жасай алады.

Суреттер:3dnews.ru

1927 4
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 17 мамыр 2012, 10:43
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 12:31

шайтанарбаның құлағындай ойнайды )

+0
17 мамыр 2012, 15:46

енді ауыл балаларына сүндетке отырғанда алып беретін шығар

+0
18 мамыр 2012, 10:39

біздің жағдайымыз жетеді деп ойлайсың ба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...