Nissan – 3E ақылды көзілдірік шығарды

Жапондық Nissan автоөндіруші компаниясы 3E атты ақылды көзілдірігін таныстырмақшы.

Құрылғы сырттай Google Glass көзілдірігіне ұқсайды, десек те ол бастың жарты бөлігіне орнатылады әрі үлкенірек.

Құрылғы интернетке кіру мүмкіндігіне ие. Көзілдірікті таққан адам көз алдындағы шағын экраннан барлық ақпараттарды көре алады. Тағы да бір мүмкіндігі – иесінің не көріп тұрғанын түгел видео ретінде жазып алады. Және сол видеоларды онлайнда басқа да қолданушыларға жібере алады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ln99yGN1Y0w","width":"450","height":"338"});

Гаджеттің таныстырылымы Токио автокөрмесінде ұсынбақшы. Көрме 23 қарашада өтеді. Естеріңізге сала кетсек, Nissan компаниясы бұған дейін Nismo Watch атты ақылды қолсағатын ұсынған еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: itc.ua