- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ең қызықты жолда...
Ең қызықты жолда жүру ережелері
Біздің планетамыздағы ең бір қызықты делінген жол жүру ережелерін назарларыңызға ұсынамыз:
Аляскада көлік үстіндегі төбетпен жол жүруге рұқсат етпейді.
Канаданың Монреаль атты қаласында сізге өз-өзіңіздің жолыңызды бөгеп тастауға болмайды.
Американың Теннесси штаты құрғақ өңірге жатқанымен, мұнда киттерге кетіп бара жатқан көлік ішінен зат лақтыруға болмайды.
Егер сіз Испанияда түзетуші көзілдірік киіп жүрген болсаңыз, онда сізге міндетті түрде оның қосымша бірнешеуін көлігіңізде ұстаған дұрыс.
Ұлыбританияда бүкіл лондондық таксилерге пішен теңдері мен қой қаптарының болуы міндеттеледі.
Скандинавияда, тіпті, күндіз жағылмаған шамсыз жүруге рұқсат етілмейді.
Әрбір серб жүргізушісінің көлігінде буксирлік бөрене мен үш метрлік шынжыр болуы тиіс.
Кипрде көлік тізгінінде ішуге болмайды. Тіпті, судың өзін!
Егер сіз Жапонияда біреу-міреуді көлік дөңгелегіңіздің астындағы шалшық сумен былғар болсаңыз, онда қомақты мөлшерде айып төлеуге дайындала беріңіз!
Қытайдың Пекин қаласында жаяу жүргінші жолының өткелдеріне тоқтауға қатаң тыйым салынады.
Таиландта көлік тізгініне көйлек-жейдесіз отыруға болмайды.
Манилада дүйсенбі күндері көлік нөмірлері бірлікпен немесе екілікпен аяқталатын жүргіншілерге жүруге рұқсат етілмейді.
Сауд Арабиясында жол үстінде сізді кесе-көлденеңдеп полицияның құрықтап жатуына дайын болыңыз, егер сіз әйел болсаңыз. Ол жақта әйелдерге көлік тізгінінде отыруға болмайды.
Оңтүстік Африкада жануарларға жол беруге міндеттісіз.
Егер Бразилияда кімде-кімді жол үстінде басып кетер болса, онда ол бәрібір де заң бойынша қан құрамындағы алкогольді анықтау тексерісінен өтуі тиіс.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: dailyinfographic.com; autovermietungrhodos.com
Л. Лига