"Механикалы" көліктер "автомат" секілді жүретін болады

"Механикалы" көліктер "автомат" секілді жүретін болады

Жақын арада автокөліктер кептеліс кезінде "автомат" секілді жүруге мүмкіндік беретін жаңа беріліс қорабымен жабдықталады. Motor Authority-дің хабарлауынша, Bosch компаниясы толықтай электроникамен басқарылатын eClutch жабысу (сцепление) жетегінің (привод) механизмін жасап шыққан. Басқаша айтқанда, жабысу (сцепление) дискілерінің қозғалысы үшін электронды блок жауап береді. Педальдан сигнал алған жүйе жылдамдық ауыстыруды барынша жұмсақ әрі бір қалыпты ету үшін өз бетінше күш салады. 

Төмен жылдамдықтың өзінде ұқыпсыз жылдамдық ауыстырған жағдайда автокөлік өшіп қалады. Ақпарат көзінің хабарлауынша, мәселен, кептеліс кезінде сцепление педалін басу мүлдем қажет болмайды-мыс - электронды блок бірінші берілісті үшінші педальді қолданусыз-ақ қосуға мүмкіндік береді. Бірақ келесі берілістердің бәрі сцеплениені басуды қажет ететін болады, себебі жүйе келесі берілісті қашан қосу керектігін өз бетінше анықтай алмайды екен. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: carsinrus.ru

Ж. FM