Саяхатшының арманындағы көлік

Саяхатшының арманындағы көлік

MINI aвтоконцерні кемпингке (автотуристердің лагері) арнап үш бірдей жаңа құрылым ұсынады - Clubvan Camper, the Cowley және Countryman ALL4 Camp. 

Біріншісі - шағын тұрғын көлігі, екіншісі - іргелі автотіркеме, ал үшіншісі - төбеге орнатылатын шатыр (палатка) нұсқасы.

"Clubvan" жолдан шаршайтын және тыныққығысы келетін саяхатшыға арнап салон ішін жатын бөлмеге айналдыруға мүмкіндік береді. Жүргізуші орындығынан өзге басқа бөліктің барлығы жазылады. Артық есіктің тұсында кішігірім асхана орналасқан, кіп-кішкентай таңазытқыш пен кіп-кішкентай газ боланы орнатылған. Төбедегі люк толығымен ашылып, ауа тартқыш есепті (немесе түнгі көріністі көріп жатуға да болады) қолданылады. Жылытқыш, жайпақ келген теледидар экраны мен көлік сыртында пайдаланылатын көшпелі душ та бар.  

Cowley - көрікті сырт пішіндегі автотіркемесі бар көлік. Екі адамға арналған жатын орын мен тіркеме бөлікте асхана жайғасқан. Барлық қажеттілік қамтамасыз етілген.

MINI концерні тартымды болып көрінгенімен, жуық арадағы шықпасына бір кепіл бар. Компания басшылығы нарыққа шығаруға асықпауға бел буыпты. Саяхатшылардың күте тұруына, тағы да жерде ұйықтап, душтың рахатын көрмей, отын жаруына тура келеді.

сурет:searchnews.info

Дайындаған: Фараби Арыстанбек





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila