Жаңа Honda Jazz көлігі

Жаңа Honda Jazz көлігі

Honda компаниясы Fit (Jazz) көлігінің суреттерін ресми түрде жариялады. Бұл көліктер Жапонияда 2013 жылдың қыркүйегінен бастап сатылады деп жоспарланған. Одан соң көлік әлемдік нарыққа жол тартады. 

Автокөлік бұрынғы модельдеріне қарағанда жаңа элементтерге ие болған. Мысалы оның бампері мен радиаторының торы Honda CR-V кроссоверінің стилінде жасалған. Сондай-ақ оның фарлары мен артқы бампері де жаңа ерекше кейіпке енген. 

1

Ал интерьерінде пайда болған жаңалықтардан алдыңғы консольды, аспаптар панелін және де мультимедиялық жүйесін айта кетуіміз қажет. 

Жаңа Honda Jazz көлігінің капоты астында 100 ат күшіне тең 1,3 литр бензинді мотор мен 132 ат күшіне тең 1,5 литрлі бензинді қозғалтқыш жасырылған.  

2

3

Сондай-ақ көліктің 1,5 литрлі қозғалтқышпен және электромотормен жабдықталған гибридті нұсқасы да бар. Бұл күштік қондырғының нақты қуаты белгісіз. Алайда гибридті көлікте 7 сатылы роботтандырылған трансмиссия орнатылатын болады. Мұндай көліктің жанармай шығыны 100 шақырымға 2,7 литрді құрайды. 

4

Honda Jazz Еуропа аумағына 2014 жылдан бастап сатыла бастайды. Сондай-ақ жақын болашақта көліктің "седан" кузовты түрі де шығады деген болжам бар.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: auto.mail.ru

Б. Қосмағамбет