Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / АИ-92, АИ-95 сандары нені білдіреді?

АИ-92, АИ-95 сандары нені білдіреді?

АИ-92, АИ-95 сандары нені білдіреді?

Жағар-жанармай бекеттеріне келіп, көлігімізге отын құяр алдында көзіміз еріксіз  АИ-92, АИ-95 сынды сандарға түседі. Автоәуесқойлар осы сандардың не білдіретінін білсе, темір тұлпары жоқ адамдар үшін бұл жай ғана екі таңбалы сан. Артық болмас білгенің! Осы сандардың не білдіретінін зерттеп көрейік.

XX ғасырдың басында іштен жану қозғалтқышын жасаумен айналысатын автоконструкторлар жағар-жанармайдың цилиндрде тиімсіз жану мәселесіне кезігіп, бұнымен ұзақ уақыт бойы әлек болады. Қозғалтқыштың өнімділігін арттыру үшін механиктер мен автоконструкторлар жанармай мен ауаның сығылу деңгейін жоғарылатқан. Осындай мәселенің кесірінен пайда болған жарылғыш қоспа цилиндрдің ішінде жануға үлгермегендіктен, поршень жылжымай тұрды, соның салдарынан ол үлкен қысымға түсетін. Бұл жағдайда жағар-жанармайға жарылудың сандық мінездемесін енгізу қажет болды. Осылайша, бұндай мінездеменің рөлін октан саны атқарды. Октан саны - қолданылып жатқан жанармайдың эталонды отынмен салыстырғандағы өнімділігін сипаттайтын сандық сапа. Алғашқы эталонды отын ретінде октан алынып, оның жарылғыш тұрақтылығы шкаланың 100 бөлігімен сипатталған. Ал гептанның детонационды мінездемесі шартты түрде нөлге тең деп алынды. Осылайша, АИ-95 маркалі жағар-жанармай қоспаның ішінде 95 пайыз октан мен 5 пайыз гептанның бар екенін көрсетеді. 

Мұнай өндіру зауыттарында октан санын анықтаудың екі тәсілі қолданылады. Атап айтқанда, моторлы және зерттелмелі. Моторлы әдісте көліктің максималды қуатпен келе жатырғаны иммитацияланады. Ал зерттелмелі әдісте қаланың ішімен жүруге сай келетін жағдайлар жасалынғандықтан, октан саны үлкен болады. Халықаралық стандартттарға сай болу үшін отын екі түрлі әдіс мінездемеге сай болуы тиіс. Бірақ жағар-жанармай бекеттерінде көбінесе зерттелмелі әдіспен зерттелінген бензин сатылады. Сондықтан, шалғай жерлерге сапар жүрсеңіз, жоғары октанды бензин сатып алған жөн.

Суреттер: kursiv.kz, auto.lafa.kz

3000 14
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
27 наурыз 2012, 11:28

міне, қызық :)

+0
27 наурыз 2012, 11:28

Қазақстанда АИ-96 деген АИ-93-ті, АИ-92 деген АИ-80-ді, ал АИ-80 исчез болған АИ-76ны білдіреді!

+0
27 наурыз 2012, 11:33

Білетін болдық :!:

+0
27 наурыз 2012, 11:39

А не, білмегендер болды ма? :shock:

+0
27 наурыз 2012, 12:12

қыздардың бәрі сіз сияқты ақылды емес :mrgreen:

+0
27 наурыз 2012, 12:12

:geek:

+0
27 наурыз 2012, 12:36

Мә, білмеппін мынаны :o

+0
27 наурыз 2012, 12:54

;)

+0
27 наурыз 2012, 12:51

Мұнай өңдеу зауыттарының реконструкциясынан кейін бізде АИ-100 Аи-101 АИ-102 сияқты жанармай пайда болады дейді бізде! :o :o :o

+0
27 наурыз 2012, 14:12

Біліп жүретін болдық, рахмет!

+0
27 наурыз 2012, 17:27

ең жақсысы 80! Арзаааан ғой)

+0
27 наурыз 2012, 18:01

сумен жүретін болса ғой,шіркін

+0
28 наурыз 2012, 03:28

қайсысы арзан, әрине... :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...