Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Қытай құрылысшыларының шешімі

Қытай құрылысшыларының шешімі

Қытай құрылысшыларының шешімі

Қытай елінің Тайюань қаласында магистральді кеңейту бойынша жұмыс істейтін құрылысшылар жоба бойынша бұзылуы керек болған көлік тұрағынан көлік иесі өз көлігін алып кеткенше 10 күн күткен.

Көлік иесі сол күйі келмеген. Уақыт шектеулі болғандықтан, жұмысшылар мәселені шешудің ақылға қонбайтын әдісін тапты – олар тас жолды қопарып тастап, тек автокөлік тұрған жерді ғана қалдырды. Енді ол бұрынғы көлік тұрағының қақ ортасында өзі ғана тұр. Бұл - Қытай билігінің орасан зор сәулетшілік жобаны жүзеге асыру жолында бөгет болған барлық нәрсені бұзуға дайын екендігінің жалғыз мысалы емес. Сол үшін тіпті тұрғындарды өз үйлерінен шығарып тастайтын кездер де болады. Сондықтан, ақ автокөлік енді жергілікті көңіл бөлерлік орынға айналды. Аталған көліктің қопарылған жолдың ортасында қанша уақыт тұратыны, оны бұл жерден қалай алынатыны жайлы жергілікті билік ешқандай мәлімдеме жасамады. Тұрақты бұзбастан бұрын неге көлікті қауіпсіз жерге эвакуатордың көмегімен апарып тастамады деген сұрақтың жауабы да көлік иесі секілді әзірге жұмбақ қалуда.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 01 қазан 2013, 15:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.