Ең кішкене әрі жеңіл телефон

Willcom – жапониялықтардың телефон байланысының оператор жүйесі. Олар әлемдегі ең кішкене және жеңіл телефонды ұсынды. Телефон Phone Strap2 WX06A деп аталады.

1-дюймді түсті экранмен жабдықталған телефонның габариті – 32х70х10,7 мм болса, салмағы – 32 г. Бұл ұялы байланыс түрінде камера жоқ, бірақ ИК-порт бар. Телефонның қуат күші де көп емес. Екі сағат толыққанды сөйлесуге және үш жүз сағат қосулы тұруға шыдайды. Жапониялықтар телефонның он екі мың данасын ғана шығарған. Тіпті үш түрлі түсі бар: күлгін, ақ және қара. Бағасы әзірге белгісіз.