Porsche 911 моделінің парады болып өтті

Porsche 911 моделінің парады болып өтті

Өткен аптада Ұлыбританияның Сильверстоун автодромында таң қаларлық авто шеру болып өтті. Бұл мерекелік шара 2013 жылы 50 жасқа толған аты аңызға айналған Porsche компаниясының 911-моделіне арналған екен.   

1

Бұл автошоуға тұңғыш рет Германияның Франкфурт қаласындағы автосалонда көрсетілген алғашқы модельден бөлек бұл көліктің жеті түрінен 1280 автокөлік келіп қатысты. Бастапқыда ұйымдастырушылар бұл шеруге тек сирек көліктердің түрлері ғана қатысады деп жоcпарлағанмен, тілек білдірушілердің саны бірнеше есеге көбейген.  

Автошоуға тек Porsche автоклубының мүшелерінен бөлек, 911-модельді тұңғыш өмірге әкелген дизайнердің ұлы Марк Порше де шақырту алған екен. Одан бөлек құрметті қонақтардың арасында «Формула-1» жарысының экс-пилоты әрі «Ле-Ман» авто жарысының бес дүркін жеңімпазы Дерек Белл, сондай-ақ Джон Фитцпатрик және Ричард Эттвуд сияқты спортшылар да болды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mirfactov.ru

Б. Қосмағамбет