Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Жол апатына әкелетін көлік түстері

Жол апатына әкелетін көлік түстері

Жол апатына әкелетін көлік түстері

Австралияның Монаша университетінің ғалымдары көліктерге байланысты өте қызықты зерттеу жұмысын жасады. 20 жылдық бақылау тәжірибесі бар мамандар сыр түсінің көліктің жол апатына әсер етуін байқап, белгілі бір қорытындыға келді. Зерттеу жұмысы барысында 850000 көлік апатымен байланысты  келеңсіз жағдайлардың мән-жайы зерттелді. Есепке көлік түсі, уақыт пен апаттың түрлері сынды мағлұматтар алынды. Коммерциялық транспорт, такси мен микроавтобустар есепке алынбады. Зерттеу қорытындысында жол апаттарына қара түсті көліктер көп түсетіні анықталды. Егер күндіз бұндай көліктердің 12%-ы  келеңсіз жағдайға түсетін болса, түнде бұл көрсеткіш 47%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар, көлік апаттарына күміс, қызыл, көк, сұр түсті темір тұлпарлар жиі ұшырайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұндай көліктер жол мен ландшафт фонында  айқын байқалмайды. Егер зерттеушілердің баяндамаларына сенетін болсақ, ең қауіпсіз көліктердің қатарына ақ, алтын және сары түсті темір тұлпарлар жатады. Сонымен қатар, сарғылт түсті машиналар қалғандарына қарағанда жол апаттарына ең аз түседі екен. Бұған қоса, баяндаманы дайындаған зерттеуші Стюарт Ньюстед жасалған қорытындыларға қатты сеніп, қара, қоңыр түсті көліктерден бас тарту жөнсіз деп айтқан. Өйткені, барлық кінәні көлік түсіне асып қоюға болмайды. Жауапкершілік - толығымен жүргізушіде.

Еліміздегі жол апаттарына келетін келетін болсақ, бұл жақтағы жағдай тура шетелдегідей. Ең қауіпті түстердің қатарында қара, қоңыр және жасыл түстер жатады. Бұндай көліктер қоршаған ортаға жұтылып кетіп, жол апаттарына жиі әкеледі-міс.

Сурет profismart.ru сайтынан алынған

3166 11
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 ақпан 2012, 13:00
Пікірлер
+0
03 ақпан 2012, 10:26

"Көлік апатына қара, күміс, қызыл, көк, сұр түсті темір тұлпарлар жиі ұшырайды" почти барлық түс болып кетті ғой ))

+0
03 ақпан 2012, 10:48

жоқ, значит, ақ, жасыл, көгілдір, күлгін, сары, апельсин түсті, сирень түсті машиналар айдаған дұрыс. мағам сондай ап-ашық түстер ынайд

+0
03 ақпан 2012, 12:48

Талғамыңыз өте жақсы екен)))

+0
03 ақпан 2012, 11:34

қара түс негізі сондай негативті түс өзі

+0
03 ақпан 2012, 12:48

Маған әйтеуір мәшине баратын жерге бұзылмай жетсе болғаны, Түсінде шаруам жоқ)))

+0
03 ақпан 2012, 14:22

Құдай-ау басқа түс қалмады ғой.Сонда зерттеушілер невидимый түсті машина айда дейма? Қатырады екен зерттеушілерің))

+0
03 ақпан 2012, 15:14

белсепедке мінем, хаааа

+0
03 ақпан 2012, 15:19

көгілдір түсті көлік айдаған дұрыс, көшеде "ерекше" боп көрінесін))

+0
03 ақпан 2012, 16:25

Болды кеттім қара рейдж роверімді сатамын

+0
11 наурыз 2012, 11:20

Розовый туске не жетсин=)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев