AUDI Q2 автокөлігінің суреттері қайта жарияланды

AUDI Q2 автокөлігінің суреттері қайта жарияланды

Биылғы жылы Париж жәрмеңкесінде тұңғыш рет көрмеге қойылуға тиісті болған AUDI Q2 автокөлігінің суреттерін өзге шетел ақпарат көздері интернетте жариялап жіберді. Бұл жаңа тиіпті көлік 2015 жылы сатылымға шығарылады.

Бұл жолғы таралып кеткен суреттер AUDI серіктігінің тор бетіндегі суреттері болмаса да, сенімді ақпарат екендігі дәлелденген. Суретке қарасақ, көліктің жобалануы тым көркем. Матор қысымы жағынан AUDI А1 көлігінің негізінде жасалған. А1 автокөлігімен бірдейлілігі сақталған. Дегенмен, көліктің өзге де ерекшеліктері тіпті де дамытылғаны белгілі. Өзара салыстыру арқылы А1 автокөлігінің жасалуындағы көптеген кемшіліктері толықтырылып, Q2 көлігінің жетілдірілуіне негіз болған. Бұл көліктің өзіне сай түрлі ерекшеліктері А1 және Q3 көліктерінен де жоғары деңгейде болған. Интернет бетіндегі көлік әуескерлеріне ең ұнамды тип болып бағаланған. 

Дайындаған: Алшын Матай

сурет: wikiaudi.com

Қ. Қауымбек