Әлемдегі ең қымбат 10 көше

Әлемдегі ең қымбат 10 көше
Фото: www.espanarusa.com

Әлемде талай қызық бар. Бізді қоршаған ортаның бір бөлігі, жүріп-тұруымызға мүмкіндік жасайтын көшелердің өзі осы қызықтың ішінде. Көшеде де көше бар. Бұлай дейтініміз, әлемде қаншама мың қала болса да олардың кейбір атаулы көшелері ұзындығы, кеңдігі жағынан емес құны жағынан да ерекшеленеді. Қарапайым тілмен айтқанда ол көшелер әлемдегі ең қымбат көшелер санатына кіреді. Сіздерге ең қымбат деген он көшені ұсынып отырмыз.

1. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Upper 5th Avenue көшесі. Көшенің бойындағы кез келген жерден жылына бір шаршы метр жерді алу үшін 30 000 евро төлейсіз, бұл теңгеге шаққанда шамамен 11 130 000 болады.

2. Causeway Bay – Гонконгтағы ең қымбат көше. Бұл көшенің  бір шаршы метрін жалдау үшін жылына 24 000 евро керек, ол 8 904 000 теңге. Көшенің бойында қымбат дүңгіршектер мен түнгі клубтар орналасқан.

3. Avenue des Champs-Élysées көшесі. Париж де бұл тізімнен қалыс қалған жоқ. Бір шаршы метр үшін 13 000 евро – 4 823 000 теңге.

4. Төртінші орынды ағылшындардың New Bond Street көшесі қанағат тұтты. Бір квадрат метр үшін 10 000 евро – 3 710 000 теңге

5. Pitt Street Mall – Австралияның бұл көшесі аптасына бір шаршы метр үшін 450 доллар сұрайды. Шамамен 148 500 теңге.

6. Бұл орынға миландық Via Montenapoleone көшесі табан тіреді. Бір шаршы метр үшін айына 8500 евро төлейсіз. 3 153 500 теңге.

7. Токионың Ginza көшесі көз тартарлық жаңа технологиялармен жабдықталған әрі бұл жерде бір шаршы метр үшін төленетін ақша айына 8000 евроға жетіп жығылады.  Шамамен 2 968 000 теңге.

8. Қымбат көшелердің қатарында Сеулдің Myeongdong көшесі де бар. Бұл қаланың орталық базар алаңы. Бұл жерде айына бір метр шаршы үшін 7900 евро төлейсіз. 8 930 900 теңге.

9. Швейцарияның Цюрих қаласындағы Bahnhofstrasse көшесі 2011 жылы әлем бойынша 3 орынға ие болған. Бірақ кейінгі кездері көшенің бағасы аумалы-төкпелі болып кеткен. Бұл жердің қымбат болу себебі әлемдегі ең қымбат сағаттар сатылады. Бұл жерде бір шаршы метр үшін айына 7500 евро төлейсіз. 2 782 500 теңге.

10.  Оныншы орынды көрші Ресей елінің Мәскеулік Столешник көшесі алды. Әлемдегі ондықтың ішінде тұрған бұл Ресейдегі ең қымбат көше. Бұл жерде сіз бір шаршы метр үшін 4500 евро төлейсіз. 1 669 500 теңге.

М. Ақан