Кептеліс кезінде өздігінен ықшамдалатын көлік жасалды

Кептеліс кезінде өздігінен ықшамдалатын көлік жасалды
Фото: robotik.dfki-bremen.de

Немістің жасанды сананың дамуымен айналысатын DFKI Robotics орталығы өте икемді смарт-көлік құрастырды. EO Smart Connecting Car 2 деп аталатын «ақылды» авто көлік кептелісі сағаттап созылатын қала қозғалысына арналып жасалған.

Бұл әзірге негізгі өнімнің прототибі болғанымен, болашақтағы көлік құрылымының белгілі бір деңгейін көрсете алады. Сонымен қатар, смарт бейімделе алатын көліктердің дамуына септігін тигізеді.

EO2 көлігінің дөңгелектері 90 градусқа бұрылады, яғни көлік тік бұрыш жасап қозғала алады. Мұндай құрылым көлікті кептеліс пен орны толған тұрақтан қорғайды. Салмағы 750 килограмм тартатын смарт-көлік өз көлемін қысқарта алады. Нақтырақ айтар болсақ, ұзындығы 1 метрге дейін ықшамдалады. Бұл тұрақтағы орынның тығыз болған кезінде оңтайлы шешім болары анық.

Өкінішке орай, компания өкілдері EO2 смарт-электромобилінің тұтынушы нұсқасының шығу уақыты туралы ақпарат бермеді. Ендеше оның нарықтағы бағасы туралы мәліметтің болуы да ақылға қонымсыз.

Ұқсас жазбалар: 

Tesla көліктері келесі жылы арзандай түспек

Жапондар ауамен жүретін автомобиль жасап шығарды

Ж. Өрісбай