Америкада 3 мың долларға ең нашар көлік сатылымға қойылды

Америкада 3 мың долларға ең нашар көлік сатылымға қойылды

Америкада ең нашар көлік сатылымға қойылды. Бұл туралы Daily Mail хабарлап отыр.

1962 жылы жүк көлігінің кабинасы мен капоты 1990 жылы шыққан Pontiac Grand Am көлігіне жалғанған. Жалғыз-ақ, екі көлікті де қосып тұрған - қызыл түс.

Және осы гибридтің, яғни буданның бір ерекшелігі - "іске жарап тұрған тірек жастығы" (подушки безопасности) және "жақсы жұмыс істеп тұрған есік тұтқалары". Ал қалған ерекшеліктерін көлік иесі айтудан бас тартыпты. Себебі, әр ерекшелікті айтып отыруға көп уақыты кетеді-міс.

Қазіргі таңда көліктің жүріп-тұруы, максимальды жылдамдығы қанша екені таратылып айтылмауда. Әйтеуір, бір анығы, көлік иесі өз жеке меншігіне ешқандай сауда, келісімсіз 3 мың доллар сұрап отыр. 

Сурет:spy.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига