«Selfie» - 2013 жылдың ең үздік сөзі

«Selfie» - 2013 жылдың ең үздік сөзі

Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігін құрастырушылар 2013 жылдың ең үздік сөзі «selfie» екендігін хабарлады. Бұл сөз аудармасында «өзін суретке түсіру» мағынасын білдіреді.

Бастапқыда әлеуметтік желілердің қолданушылары ғана қолданатын сөздің кейін де басқа орталарда қолданысы арта түскендігімен түсіндірді. «Selfie» сөзінің қолданыс аясы 2012 жылмен салыстырғанда 17 000 %-ға өскен.

Ол сөз осы күндері жастар қолданатын смартфондарда, веб-камераларда, әлеуметтік желілерде көп қолданылады. «Selfie» сөзін алғаш рет 2002 жылы аустралиялық интернет форумдардың бірінде қолданған болатын.

Оксфордтық сөздікті құрастырушылардың айтуынша, бұдан өзге 2013 жылдың ең көп қолданылатын сөз ретінде «twerk» («тверкинг» — атақты хип-хоп би), «bitcoin» (виртуалды валютаның атауы) және «unlike» («лайк басу») сынды сөздер ұсынылған.

Аталған сөздік Америка елінің басты сөздіктерінің бірі. 1884 жылдан бері жаңа сөздермен толығып келеді.

Ал біздің ең көп қолданатын сөзіміз қандай?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fotoshainik.com

Қ. Бүйенбай