Өлмеу үшін автокөлікті мотоциклге айналдырып алған

Өлмеу үшін автокөлікті мотоциклге айналдырып алған

«Темір адам» фильмінде Тони Старктың ауған шөлінде террористер құрсауынан аса қуатты экзоскилет жасап, қашып кеткенін бәріміз де көрген шығармыз? Ал франциялық қарапайым электр маманы Эмиль Лирэй комикстер кейіпкерінің ерлігін қайталады – ол мароккандық шөл далада көлігі бұзылып қалып, оны еш құралсыз-ақ мотоциклге айналдырып кете барған.

1993 жылы Лирэй Citroen 2CV көлігімен Тан-Тан қаласынан келе жатқан жолда жергілікті әскерилер тоқтатқан екен. Оған сол жерде-ақ бұл жолмен әрмен қарай жүруге болмайтыны айтылады. Сонда саяхаттаушы жүруге қатаң тыйым салынған аймақты келген жолмен айналып өтудің орнына кедір-бұдыр жолсызбен жетуді ұйғарады. Әйтсе де ол айдалада рөлге ие бола алмай, жартасқа соқтығысады. Қалаға 200 миль қашық жерде болған оқиға оның бар жігерін құм қылады, ал көлігі ештемеге де жарамсыз болып қалады.


Бақытқа орай, оның көлігінде бірнеше күнге жетерлік ас, су, пышақ болған. Ол бұл жерден қайта артқа жаяу орала алмайтынын біледі. Лирэйдың айтуы бойынша, ол сол кезде «жан бағыс» қамын сезінген: өте аз мөлшерде тамақ ішкен, суды да үнемдей бастаған.


Көлік қаңқасынан өзіне үйшік жасап алады. Бұдан кейін көлік рамасын қысқартып алады. Екі дөңгелекті бір ось бойына бекітіп, ал артқы бамперден орындық жасайды. 12 күн өткенде оның мотоциклы дайын болғанда оның жарты литр ғана суы қалған екен. Дәл осылай қаһарманымыз қайтар жолға шығады. Бір тәулік өтпей жатып, оны полицейлер тағы да тоқтатып алады. Оның хәл үстінде келе жатқанын байқаған құқық қорғаушылар жақын маңдағы ауылға жеткізеді. Мұнымен қоймай, олар Эмильге көлігі сәйкес құжаттарға сай келмейтіндігі үшін айыппұл жазып береді.


Лирэйдың бұл оқиғасы 1990 жылдардың басында франциялық телебағдарламалардың бірінде шыққан. Бірақ осы күнге дейін оның «ерлік жолы» еленбей келіпті. Оның ерлігін шын түсінгендер беймәлім бір мотоцикл өнімін жарнамалайтын сайтқа суреттерін шығарады да, кейін барлығы да оның насихатын жүргізе бастайды.

Қазір Лирэй 63 жаста. Францияның солтүстік батыс аймағында тұрады. Бір қызығы, оны осы аймақта «нағыз Тони Старк» деп атайды. Оның инженерлік мүмкіндіктері мен өмір сүруге деген талпынысы кей басылым беттерінде метафоралық теңеулермен бейнеленетін де болыпты-мыс.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы