Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Көлік өндірісіндегі басты бес технология

Көлік өндірісіндегі басты бес технология

Көлік өндірісіндегі басты бес технология

1864 жылы Америкада қайырмалы орындықтар патенттелді. Бірінші автокөлік иелеріне  бүгінде көлік жүргізу мүмкін емес болып көрінетін көптеген техникалық опциялар қол жетімсіз болды. Осы материалда біз солардың арасындағы ең танымалдылары жайлы сөз қозғаймыз.

1. Автокөлік орындықтары


Жүргізуші мен оның оң жағындағы жолаушының әрқайсысы жеке орындықтарда отыратыны - қазір ғой: автоөндіріс енді іске кіресе бастаған уақытта салонның алдыңғы бөлігінде адамдар бір диванды өзара бөлісуге мәжбүр болатын. Дей тұрғанмен, әлі күнге дейін кейбір американдық көліктерден алдыңғы орындықтың тұтас екенін байқауға болады. Жүргізуші мен жолаушыны бөлек отырғызу шешімі алғаш рет ХХ ғасырдың басында қабылданған болатын және спорткар өндіруішілері ойлана келіп, бұған аса қатты мән бере бастайды.

Осыдан соң автокөлік орындықтары жетілдіріле түсті: 1864 жылы олар бірінші жөнге салуға ие болды – жолаушыға ыңғайлырақ болуы үшін орындық арқасын жоғары-төмен қимылдату мүмкін болды.

1966 жылы ең бірінші орындық жылытқышы пайда болды, ал 1997 жылы автоорындық тұңғыш рет жеке желдеткішпен жабдықталды.

2. Автоматты беріліс қорабы


Бүгінде кез келген авто жүргізушіде таңдау бар: қажетті беріліске өзі ауыстырып отыру немесе сол функцияны автомат қорабына тапсыру. Алайда 1940 жылға дейін авто иелерінде мұндай таңдау мүлдем болмаған: тек 1940 жылы ғана General Motors компаниясы өзінің Oldsmobile-ін әлемдегі тұңғыш автоматты трансмиссиямен жабдықтаған болатын. Алғашқы «автомат» алға жүрудің 5 сатысына және артқа жүрудің 1 сатысына ие болды.

3. Рөлдің гидравликалық күшейткіші


Көптеген жүргізушінің ойынша, бұл автокөліктегі ең пайдалы технология. Гидравликалық күшейткіш көліктің салмағы мен көлеміне қарамастан оны жүргізуді жеңілдетеді: бұл толықтай ауа кірмейтін жүйенің арқасында мүмкін болып отыр. Егер бұдан бұрын гидравликалық күшейткіш тек жүк көліктеріне ғана орнатылып келсе, енді жеңіл көліктер де онымен жабдықталатын болды.

Автокөліктің көптеген жаңа құрылғылары секілді «ГУР»-дың да отаны АҚШ елі болып саналады. 1902 жылы өнертапқыш Фредерик Ланчестер «гидравликалық қуаттың көмегімен әрекет ететін рөл механизмін басқаруды» патенттеді, бірақ гидравликалық күшейткіштің нағыз авторы Фрэнсис В. Дэвис болып есептеледі. Ол 1925 жылы тұңғыш рет жүк көлігін осы механизммен жабдықтаған болатын.

4. Блоктан шығару (антиблог) жүйесі (ABS)


ABS жасап шығу бойынша алғашқы жұмыстар автокөлік дөңгелектері үшін емес, ұшақтардың шассиіне жасалғанын көбі біле бермейтін болуы керек. Дегенмен, аталған жүйе автоөндіріс саласында кеңінен танымал болды. Себебі бұған дейін жүргізушілер тоқтау үшін тежегішті бар күшімен басуға мәжбүр болды. Ал бұл, өз кезегінде, дөңгелектердің бұғатталуы мен автокөлік басқарылуына кері әсерін тигізіп отырды.

1936 жылы Bosch компаниясы кенеттен тежегішті басқан кезде дөңгелектердің блокталуының алдын алатын технология жасап шықты. Бірақ, оны жүзеге асыру үшін ондаған жылдар уақыт кеткен себебі отызыншы жылдары санаулы секундттар ішінде керемет реакция көрсететін электроникалар мүлдем болмады. Тағы бір себебі ретінде сол кезде ABS үлгілерінің айтарлықтай деңгейде болмағанын да айта кету керек. Ал жарамды деуге келерлік ABS дүниеге неміс инженерлерінің арқасында келген: 1970 жылы Гейнц Либер мен Daimler-Benz әлемге антиблоктау жүйесін таныстырды. Ол дөңгелектердің айналу жылдамдығын теңестіріп, тежегіштік күшті ұлғайтатын болған. Заманауи ABS-тер көптеген қосымша функцияларға ие, мәселен, дөңгелектердің текке айналуы жүйесі мен (противобуксовочный) шұғыл тоқтау кезіндегі көмек.

5. Кондиционер


Көліктің кондиционермен жабдықталуының маңыздылығын әрбір адам бүгінде оңай түсінеді.

Автокөлікке орнатылған кондиционер салонды тек салқындатып қана қоймай, сонымен қатар жағымсыз иістерден де тазартады. Тапсырыс бойынша алғашқы кондиционерлерді 1933 жылы Нью-Йоркте орната бастаған – көбіне қымбат лимузиндерге. Алғаш рет зауыт комплектациясында кондиционерлер 1939 жылғы Packard-тарда пайда болды және оның құны 274 доллар тұрған (салыстырмалы түрде айта кетсек, ол кезде су жаңа «Фордтың» бағасы 742 доллар болатын). Бір қызығы, сол кездегі желдеткіштер (кондиционер) шағын бола қоймаған: автожелдеткіш багажниктің жартысын алып тұратын болған. Сондықтан болар, олар ел арасында айтарлықтай танымалдылыққа ие болмаған.

Дей тұрғанмен, жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында желдеткіштер қайтадан түрлі маркалы автокөліктердің комплектациясына кірді. Бірақ алғашқы уақытта бұрынғыдай едәуір қымбат болған көрінеді. Тек 1954 жылы ғана Nash-Kelvinator компаниясы автокөлік қауымдастығына жылыту мен желдетудің біріктірілген жүйесін таныстырды. Құны бұрынғыдай қымбат болғанына қарамастан, аталған технологияға тәнті болғандар саны үнемі өсіп тұрды: алпысыншы жылдардың соңына қарай американдық автокөліктердің жартысынан астамына орнатылған болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: autoportal.ua, union-fpg.ru

864 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2013, 09:44
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 10:40

Рас, бәрі керек

+0
27 қыркүйек 2013, 11:35

әлемнің дамуы бірден осылардан көрінеді иа

+0
21 қаңтар 2014, 21:48

2050 ді елестете де алмайм. керемет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев