Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Жылдамдық үшін жарыс

Жылдамдық үшін жарыс

Жылдамдық үшін жарыс

Жалпы автокөліктер дүниеге келмей жатып, мақтаныш пен қажетті мөлшерде адреналин алудың әдісіне айналғаны белгілі. Ол кезде жолда жүру ережесінің болмағанын ескерсек, әрбір қожайынға өз көлігінің атты озу мүмкіндігі немесе тым құрығында көршісінің көлігін артта қалдыра ала ма деген ой қызық болды.  

Басы

1770 жылы Парижде бу қозғалтқышы орнатылған трактор адам сенгісіз (сағатына 4 шақырым) жылдамдыққа жетті, ал 1803 жылы Ричард Трэвити (ол да бу машинасымен) сағатына 8-9 миль жылдамдықты бағындырды (шамамен 13-14 шақырым) – тарихқа жылдамдықтың нақты көрсеткіші енбеген. Ресми түрде тіркелген тұңғыш рекорд 1898 жылы «Жанто» деп аталатын электрмобильмен орнатылды. Оның жылдамдығы сағатына 63,14 шақырымды құрапты.

Әлемдегі ең бірінші рекордшы-элекромобиль Jeantaud. Аталған көлікпен 1898 жылы Гастон де Шасслу-Лоба сағатына 39,24 миль жылдамдықты бағындырды.

Осылайша жылдамдық рекордын орнату кезеңі басталып та кетті: 1898 жылы белгиялық Камиль Женатци өзі жасаған Jamais Contente атты электромобильмен 100 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Аталған көлік жылдамдығы сағатына 105 шақырымға жете алған. Кейінірек Леон Серполле өз қолымен жасаған бу машинасымен сағатына 120 шақырым жылдамдыққа жетті.

Уақыт өте осы бір күреске автоөндірушілер де қосылды: жаңадан ашылған компаниясын жарнамалау мақсатында Генри Форд та өзінің 999 көлігімен 147км/сағ-ты бағындырып, рекорд орнатты. Ал екі жүз шақырымдық межені 1906 жылы Stanley Rocket атты бу машинасын жүргізген ағайынды Стенлилер бағындырды: Дайтондағы жағажайда Фрэд Мэрриот 205км/сағ-қа жеткен болатын. Бір жыл өте ол 300км/сағ-тық рекорд орнатпақ болды, бірақ жолдағы төмпешік салдарынан көлік аударылып, көліктің түгі қалмады. Жарысушы аман қалған, бірақ осыдан соң оның атымен жылдамдық рекордтары тіркелмеді.

Тартыс

Үш жүзге қарқындау – бүгінде қиын емес: қолыңызға ақша, астыңызға мықты суперкар алып, шектеу қойылмаған автобанға аттанасыз. Төрт жүзге де сол әдіс қолданылады, бірақ бұл жолы қалтаңыз қалыңырақ және жол кеңірек (немесе трек) болуы қажет. Бүгінде сағатына 400 шақырым жылдамдықпен қарқындайтын көліктер әбден жеткілікті.

Британдық Малькольм Кэмпбелл 1925 жылы бір жарым тонналық, V12 авиамоторлы және төрт сатылы беріліс қорабы бар Sunbeam-мен сағатына 250 шақырымдық белесті жеңіп шықты. Өзінің рекордтық автокөлігін ол Bluebird деп атады және осыдан кейінгі көліктері де (Sunbeam  маркалы көлік болмаса да) дәл осылай аталды.

Бар-жоғы бірнеше жылдан соң Кэмпбелл 500 ат күші бар және көлемі 22,3 литрлік жаңа «Bluebird»-дімен 281км/сағ-ты бағындырды. Бірақ, Кэмпбеллдің қуанышы ұзаққа созылмады: екі айдан соң Sunbeam фирмасы 1000 ат күші бар көлік жасап шығарды. Осы көлікпен британдық жарысушы Стив Сигрев Дайтондағы жағажайда 327 шақырымға (сағатына) қарқындай алды. Осылайша, 1000HP деп аталатын көлік бірінші болып екі жүз мильдік белесті бағындырды.

Жыл өте яғни 1928 жылы Кэмпбелл реванш алды – 875 ат күшіне дейін күшейтілген қозғалтқышы бар Napier-Campbell Bluebird-пен жылдамдығын 333км/сағ-қа арттырды, бірақ тағы бір британдық жарысушы 925 ат күші бар Golden Arrow көлігімен жылдамдықты 372,66км/сағ-қа жеткізіп, рекорд орнатты.

Қалай болғанда да соңғы сөз Кэмпбеллде қалды: 1930 жылы Стив Сигрев суда жылдамдық рекордын орнатпақ болып, қаза тапты. Бәселекессіз қалған және көлемі 23,9 литр және қуаты 1450 ат күші болатын жаңа көлікті иемденген Мальколм бес жыл бойы «өз-өзімен» жарысты. Ақырында қуаты 2300 ат күші болатын 37 литрлік Rolls-Royce қозғалтқышымен ол 1935 жылы жылдамдықты сағатына 482 шақырымға бір-ақ апарды.

Жалпы Мальколм Кэмпбелл жерде 9, ал суда – үш әлем рекордын орнатты. Оның туған елі Англияда танымал болғаны соншалық, жарнаманың екісінің бірінде түсіп жүрді. Ал пошта Bluebird маркаларын шығарды. Сонымен қатар, ол рыцарь атағын иеленген.

Кэмпбелл сол күйі туы жығылмай кетті, бірақ жаңа рекордтарды көп күтудің керегі болмады: екі жылдан соң-ақ, сахнаға Джордж Эйстон есімді ағылшын азаматы шықты. Ол инженер әрі өнертапқыш болды.

Оның Thunderbolt деп аталатын болиді расында да өте үлкен болды: салмағы жеті тонна, үш белағаш, сегіз дөңгелек және 4766 ат күші бар.

1937 жылдың 19 қарашасында Бонневилдегі тұзды көлде ол жылдамдықты 502 км/сағ-қа жеткізді. Жыл өте яғни 1938 жылдың тамыз айында Эйстон қайта оралып, аэродинамикасы айтарлықтай жетілдірілген Thunderbolt-пен 556 км/сағ. жылдамдықты бағындырды. Алайда бұл рекорд бар болғаны санаулы апта ғана тұрақтап тұрды. Рекордты бұзған - Эйстонның отандасы Джон Кобб (Railton Special көлігімен 563 км/сағ-қа жетті).

Жылдамдық рекордына жасалған Railton Special автокөлігінде бар болғаны 2500 ат күші болғанына қарамастан (бұл Thunderbolt болидінен екі есе аз), өте жақсы аэродинамикасы болды. Тартыс 1939 жылға дейін жалғасты: біресе Эйстон, біресе Кобб топ жарды, бірақ ақырында 594 км/сағ-тық көрсеткішпен Railton Special көлігі жеңіске жетті. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына екі апта қалғанда болды. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru

4568 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2013, 12:46
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 12:54

Бәрінен де бастапқысы әдемі сияқты, жан-жағыңды жақсылап бақылай аласың, экологияға да зияны жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...