Бұл әйелдің жұмысы ма? Қарқаралы тұрғыны 17 жылдан бері көлік жөндеумен айналысады

Бұл әйелдің жұмысы ма? Қарқаралы тұрғыны 17 жылдан бері көлік жөндеумен айналысады
Фото: tengrinews.kz

Қарқала қаласында көлік жөндеп танылған әйел тұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Автокөлік жөндеу – барынша мұқияттылық пен шеберлікті талап ететін күрделі кәсіп. Әсіресе, физикалық күшті талап ететін жұмысқа келгенде білікті шеберді табу қиын. Үлкен қалада кәсіпқойларды таба алу оңай болуы мүмкін, ал шағын қалалар мен ауылдарда мұндай мамандар алтындай бағаланады.

Сурет Маржан Оспанованың жеке мұрағатынан алынды

Мына суретте Қарағанды ​​облысындағы Қарқаралы атты қалашықтың тұрғыны Маржан Оспанова. Ол 17 жылдан бері көліктердің бамперлерін жөндеп, сырлаумен айналысады. Оны қаладағылардың барлығы жалғыз кәсіби бампер жөндеуші ретінде біледі.

Сурет Маржан Оспанованың жеке мұрағатынан алынды

Маржан Оспанова 17 жылдан бері сүйікті ісімен айналысып келеді. Әйел көлікті бояуға дайындықты нағыз шығармашылық процесс деп атайды.

"Білімім бойынша тігіншімін. Жас кезімде мамандығыммен жұмыс істедім, кейін емдеу мекемесінде үй шаруасында қызмет атқардым. Жолдасым Талғатбек Оспанов өмір бойы көлік жөндейді. Алғашында оған аздап көмектестіп жүрдім. Ол көлік шанағын, мен бамперлерді жөндеймін, сырлаймын. Бұл көп еңбекті қажет ететін процесс. Жұмысыма дәнекерлеу де кіреді", - дейді Маржан Оспанова.

Бір бамперді жөндеп, сырлау үшін Маржанға орта есеппен екі-үш апта кетеді. Олардылардың жүзге жуық тұрақты клиенті бар. Қарқаралы мен көршілес аудандардың көптеген көлік иелері көлігін тек Оспановтарға сеніп тапсырады.

"Мен жұмысымды жақсы көремін. Иә, бұл оңай емес, бірақ көз қорқақ, қол батыр. Біз тұтынушылардың көңілінен шығу үшін жұмысты адал орындауға тырысамыз. Бамперді жөндеу, сырлау бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл шығармашылық процесс, өйткені көлік бояуды дұрыс таңдау, дақтар мен қабаттар қалмас үшін бояуды дұрыс қолдану маңызды. Осының бәрі үлкен шыдамдылық пен шеберлікті қажет етеді», - дейді әйел.

Маржан бамперлерді бояй бастағанда, ер адамдар оның жұмысына күмәнмен қараған екен.

"Шамамен 10 жыл бұрын Қазақстандағы Швецияның елшісі менің клиентім болды. Ол сол кезде біздің Қарқаралы ауданының демалыс үйлерінің бірінде демалды. Гидроциклінің асты тесіліпті. Мені көріп, сенімсіздікпен қарап: "Мұндай көлікті жөндей аласың ба?" деп сұрады. Бұрын ешқашан су көліктерін жөндеген емеспін. Бірақ қиын болған жоқ. Бір күнде біз оны жөндеп, иесіне қайтардық. Елші өте риза болды. Алғыс ретінде бізді көлде серуендеуге шақырды, шетелдік достарымен таныстырды, бір дастархан басында отырдық", - деп еске алады Маржан Оспанова.

Сурет Маржан Оспанованың жеке мұрағатынан алынды

Оспановтар отбасы үш қыз өсіріп, қазір немерелерін тәрбиелеп отыр.

"Ұлым 14 жаста, қыздарым есейіп қалды. Немерелерімді қатты жақсы көремін. Мен үшін олардың маған қонаққа келгенінен асқан бақыт жоқ. Қазір бір қызым сәби күтіп жүр. Мен үшін 8 наурызға арналған ең жақсы сыйлық сол. Мереке қарсаңында әйелдерге жұмыс пен қиындықтардан қорықпауы үшін зор денсаулық, бақыт тілеймін. Қаласаңыз, бәрін жеңіп, кез келген кәсіпті меңгере аласыз», - деді. Маржан Оспанова.

Т. Раушанұлы