Baidu Қытайдағы алғашқы жүргізушісіз такси қызметін іске қосты

Baidu Қытайдағы алғашқы жүргізушісіз такси қызметін іске қосты
Фото: ecotechnica.com

Қытайдың Baidu интернет-компаниясы жүргізушісіз көліктерді пайдаланатын такси қызметін пайдалануға рұқсат алды. Бұл туралы Reuters жазды.

Хабарламаға сәйкес, компания Чунцин мен Ухань билігінен лицензия алған.

Әр қаладағы бес Baidu жүргізушісіз такси Уханьда таңғы 9:00-ден 17:00-ге дейін және Чжунсинде 9:30-дан 16:30-ға дейін жұмыс істейді.

Сәуір айында Baidu Пекин билігінен жүргізушісіз такси қызметіне лицензия алды. Бірақ елорда билігі компаниядан автокөлік салонында қажет жағдайда көлік жүргізе алатын қызметкер болуын талап етті.

Қазіргі уақытта компания толығымен жүргізушісіз такси қызметіне рұқсат алу үшін Бейжің, Шанхай және Шэньчжэнь билігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Т. Раушанұлы