Тoyota тоқыма станогынан үздік автобрендке қалай айналды?

Тoyota – 100 жылға жуық тарихы бар компания. Бұл тарих ағаш тоқыма станоктарынан басталады. Сонда қарапайым тоқыма станогының өндірушісі қалай әлемдік нарықта танымал автобрендке айналды? Бұл туралы бүгін Массагет порталы баяндайды.

Жапонияда Toyota тарихы туралы айтқанда, оның негізін қалаушы Киитиро Тоёда есімінен бұрын оның әкесі Сакити Тоёда айтылады. Өйткені бұл адам тек Toyota негізін қалаушының әкесі ғана емес, Жапониядағы өндіріс саласының атасы ретінде де аталады. Себебі, ол ойлап тапқан тоқыма станогы Жапонияның өңдеу өнеркәсібінің дамуына үлкен серпін берді.

Сакити Тоёда

Сакити Тоёда 1867 жылы ағаш ұстасының отбасында дүниеге келген. 1890 жылы ол өзінің алғашқы тоқыма станогын ойлап тапты. Біраз уақыттан кейін ол бұл станокты автоматтандыруға қол жеткізіп, 1890 жылы осы машина түрін шығаруға патент алып, "Тоёда" деп аталатын тоқыма станогы фирмасын құрды.

Сол кезде тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істейтін компаниялар бұл өнертабысты жоғары бағалап,  компания тез арада танымалдылыққа қол жеткізді.

Киитиро Тоёда

Сакити Тоёданың ұлы Киитиро Тоёда жастайынан машина жасау саласына қатты қызығушылық танытқан. Ол арманын жүзеге асыру үшін машина жасау мамандығын үйрену мақсатында Еуропа мен АҚШ-ты аралайды. Жапонияға оралған соң әкесіне автокөлік зауытын ашқысы келетінін айтты.

Бұл кезде әкесінің шаруасы да қиындап кеткен болатын. Кәсіпорында орын тапшылығы мен кейбір техникалық қателік салдарынан олар шығарған тоқыма станоктарында ақаулар шыға бастайды.

Сакити мұнымен алысқа бара алмайтынын түсінеді. Ол компанияны дағдарыстан құтқару және ұлының автомобиль жасау туралы арманын жүзеге асыру үшін бір шешімге келіп, 1929 жылы автоматтандырылған машиналарды өндіру патентін британдық Platt Brothers компаниясына сатады.

Бұл ақшаға ұлы Киитиро Тойода тоқыма станоктарын шығарумен айналысатын компанияның бір бөлігін автомобиль өндірісіне айналдырады.

1930 жылдан бастап компания бензинмен жүретін көліктер шығара бастады. 1934 жылы Toyoda өзінің алғашқы A қозғалтқышын шығарды. Бұл қозғалтқыштар 1935 жылы мамырда шығарылған A1 жеңіл автомобильінде және сол жылдың тамыз айында шығарылған G1 жүк көлігінде пайдаланылады.

Екінші Дүниежүзілік соғыс

1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, Жапония қиын жағдайда қалды. Ол күндері рота қызметкерлері әскерді жүк көліктерімен қамтамасыз ету үшін күні-түні тынымсыз еңбек етті. Өнім қорының тапшылығына байланысты жүк көліктері ең арзан нұсқада шығарыла бастады. Жалғыз фарасы бар, есігі ағаштан жасалған жүк көлігінің сапасы өте нашар болғанымен, жағдай соны талап етті.

Соғыс жылдарында компания ең қиын күндерді бастан өткерді. Сол жылдары Киитиро Тойоданы сатқысы келді. Бірақ әкесі машина жасау арманын жүзеге асыру үшін тоқыма станогының патентін сатқаны есіне түсіп, бұл ойынан бас тартады.

Әлемдік нарыққа шығу

Соғыс аяқталғаннан кейінгі алғашқы жылдары Тойода аяққа тұруға тырысты. Соғыстан соң Жапониядағы экономикалық дағдарыстан кейін жергілікті тұрғындар бұл көлікті сатып ала алмады. Осыны ескерген Киитиро Тойода көліктерін соғыстан табыс тапқан ел – АҚШ нарығына әкелуді жоспарлайды.

Осы тұрығыдан Киитиро қулыққа әдісті қолданып Американың ең танымал көліктерін мұқият қадағалап, көлігін осы ел азаматтарына ыңғайлап өзгерте бастайды. Бұл кезде компанияда да аздаған өзгеріс болып, компания атауындағы "D" әрпі "Т" әрпіне ауысады.

Басқалар "Тойода" атауының өзгергеніне қарсы болады. Жапон тіліндегі емлесі Toyoda сияқты тартымды емес дейді. Тойота атауы Жапонның катакана әліпбиінде 8 әріптен тұрады. Ал 8 саны Жапонияда бақыт пен сәттілікті білдіреді. Киитироның өзі ребрендингті осылай түсіндіреді.

1956 жылғы Toyota Crown Америка Құрама Штаттарына экспортталатын алғашқы жапон көлігі атанды. Америкадан кейін Бразилия, бірте-бірте Еуропа елдері де Toyota көліктерін сатып ала бастады.

Осыдан кейін Toyota халықаралық танымалдыққа ие болып, Жапония экономикасына үлкен пайда әкеле бастады. 1959 жылы компания орналасқан Корома қаласы елдегі ең табысты бизнестің құрметіне Toyota деп өзгертілді.

Осы жылдар ішінде компания корпорация деңгейіне дейін өсті, әлемнің әртүрлі елдерінде филиалдар, автокөлік сату бөлімдері және бірнеше шағын компаниялар ашылды.

1989 жылы Toyota Motor Corporation жаңа логотипін жариялады, ол бүгінде бәрімізге белгілі. Онда корпорацияның шығу тарихына негізделген тоқыма бұйымдарының символы болып табылатын ине мен жіп бейнеленген.

Toyota Motor Corporation қазір тек автомобильдер ғана емес, сонымен қатар әскери қару-жарақ, скафандр, тіпті медициналық құрал-жабдықтар да шығарады. Формула 1 және басқа да жарыстарға қатысады.

Корпорацияның басқа да автомобиль компаниялары бар, олардың ең танымалдары әлемге әйгілі – Lexus, Scion, Daihatsu және Hino.

Toyota 2007 және 2009 жылдары әлемдегі ең ірі автокөлік өндіруші болды, 2012 жылы Volkswagen және General Motors-ты басып озып, титулды тағы бір рет жеңіп алды.

Компания 2013 және 2015 жылдары ең қымбат автокөлік өндіруші бренд ретінде танылды.

2017 жылы Лас-Вегаста өткен көрмеде Toyota жасанды интеллектпен жұмыс істейтін көлік концепциясын таныстырды.

Бұл смарт көліктің жүргізушісіз қозғалу, айналадағы көліктермен және жүргізушілермен байланыс орнату мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, автомобиль салонында дауыспен басқару функциясы, қауіпсіздікті басқару, жүргізушіні тану, бет пен дауыс тембріне негізделген көңіл-күйді анықтау технологиясы бар.

Жапонд бренді ақылды көліктерден бөлек, ақылды роботтарды да жасап жатыр. Қазіргі уақытта Toyota жасанды интеллектке инвестиция салатын ең ірі корпорациялардың бірі болып табылады. Компанияның көлік құрастыру процесі 98 пайыз роботтандырылған.