Tesla акциясы бір күнде 50 миллиард долларға өсті

Tesla акциясы бір күнде 50 миллиард долларға өсті
Фото: korrespondent.net

5 сәуірде биржадан тыс сауда-саттық кезінде Tesla акциясы 7,9 пайызға өсіп (жалпы құны 50 миллиардқа өскен), бір акциясының бағасы 714 долларға жетті.

Компания акцияларының бағасы Тесла 2021 жылдың 1-тоқсанында бүкіл әлем бойынша клиенттеріне 184 800 автомобильді жеткізгенін жариялағаннан кейін көтерілді. Ал Илон Маск 2020 жылдың 1-тоқсанында 88,400 автокөлікті иелеріне жеткізген болатын.

Клиенттерге жеткізілген автомобильдердің көпшілігі Model 3 және Model Y электрокары болған.

2021 жылдың 1-тоқсанында компания 180 338 электромобиль шығарды. 2020 жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш 102 672 көлікті құраған. Тесла әлемдегі машинаға байланысты бірқатар мәселелерге қарамастан, өндірісін биыл екі есе көбейткен.

2020 жылы Tesla 509 737 автомобиль шығарып, 499 055 электркөлігін сатқан. Қаңтарда компания биыл өндіріс көлемін 50 пайызға арттыруды көздегенін мәлімдеді. Жоспарға сәйкес, компания 2021 жылы тұтынушыларға шамамен 750 000 көлік жеткізуді жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы