Қазақстандағы армян көліктерін қалай тіркейді?

Қазақстандағы армян көліктерін қалай тіркейді?
Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Қазақстандағы армян автокөліктерін тіркеу жөніндегі бұйрығы шықты.

Жаңа ереже 1 маусымнан бастап күшіне енеді. 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан аумағына келген сол рульді Армения көліктері А сериялы төрт саннан тұратын нөмір алады. Бұған қоса нөмірде көлік тіркелген аймақтың коды көрсетіледі. 

Автокөлікті тіркеу үшін қажет құжаттар тізімі мынадай: 

– жеке басты куәландыратын құжат;

– мемлекеттік баж салығы мен мемлекеттік тіркеу үшін АЕК процентінің 0,25 көлемінде алым төленгені туралы құжат;

– көлік құралын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

– кемі 17 таңбадан тұратын сәйкестендіру нөмірі (егер автокөлік рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылса) болған жағдайда, көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің 018/2011 КО ТР 17 қосымшасындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік

Армениялық нөмірлер мен КҚТК мамандандырылған ХҚКО-ға өткізіліп, көлік иесі сары нөмір мен "Айрықша белгілер" бөліміне "басқа тұлғаға тіркеуге болмайды" деп жазылған техникалық төлқұжат алады.

Армениялық көлік иелеріне үш төлем жасау қажет. Олар:

– тіркеу алымы — 695 теңге;

– техникалық төлқұжат үшін баж салығы — 3 473 теңге;

– мемлекеттік нөмір үшін баж салығы — 7 778 теңге.

Айта кетейік, биылғы жылдың басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары елімізге көп әкелінген Ресей, Қырғызстан және Армения көліктері жайлы шешім қабылдаған болатын

А. Рысдәулет