Қазақстанда қандай электрокөліктер сатып алуға болады?

Қазақстанда қандай электрокөліктер сатып алуға болады?
Фото: yandex.ru

Әлемде…

Әлемдік автоөндіріс жаппай электрокөліктер шығаруға бет бұрып жатыр. Қазіргі кезде әлем бойынша қолданыстағы электрокөліктердің саны 2 миллионнан асқан. Бұл әлемдегі автокөлік паркінің 0,2%. Тоқпен жүретін көліктің көпшілігі Қытайда – мұнда әлемдік электрокөлік паркінің 32% жүр. Бұдан кейін әйгілі Тесланың отаны – АҚШ пен Еуропа елдері жаппай электрокөлікке көше бастаған. Жалпы болжам бойынша аладғы жылдары жлектрокөлік өнідірісі мен сатылымы күрт өседі. 2020 жылы қазіргіден 10 есеге артып, 20 млн дананы құрауы мүмкін. Өткен аптада британдық JATO Dynamics  сараптамалық фирмасы жүргізген зерттеуге сүйенсек 2017 жылы әлем бойынша ең көп сатылған электрокөліктер мыналар: BAIC EC180 (37,9 мың) Nissan Leaf (35,4 мың) Tesla Model S (33,2 мың) Geely Zhidou (32,6 мың) Tesla Model X (23,5 мың) Renault Zoe (23,2 мың) BYD Surui (21,7 мың) Geely Emgrand EV (16,5 мың) Chevrolet Bolt EV (16 мың) JAC IEV5 (15,3 мың)

Қазақстанда…

«КазАвтоПром» атокөлік саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше Қазақстанда тіркелген электрокөліктердің саны 200-ден асады. Олардың көпшілігі соңғы жылдары тіркелген.  2015 жылы 32, 2016 жылы 65, 2017 жылдың І жартысында 19 электрокөлік сатылған. Бұлардың ішінде ең көбі бағасы 85,5-155,5 мың доллар тұратын Tesla Model X пен 66-109,5 мың долларлық Model S. Сондай-ақ, Nissan Leaf ($30,7 мың), Renault Twizy ($13,4 мың), LADA Vesta EV,  KIA Soul EV және  JAC iEV6S ($34,9 мың) бар. Бұлардың ішіндегі LADA Vesta EV (2017 ж.бері) мен  KIA Soul EV (2014 ж.бері) Өскемендегі «Азия авто» зауытында, JAC қостанайдағы Сарыарқа Автопромда, құрастырылады.

Ал қолданыста болған электрокөліктерге келсек қазіргі  қазақстандықтар Tesla Model X пен Model S, Kia Soul, Nissan Leaf, Chevrolet Volt, BMW i3-ді еркін сатып ала-алады. Бұлардың ішіндегі ең арзаны — Nissan Leaf. Оны  4 999 999 теңгеден 8 160 000 теңгеге дейінгі бағада сатып алуға болады. kolesa.kz-те мұндай марканың 5-і сатылып тұр. Chevrolet Volt-ті  5 250 000 теңгеге ала-аласыз. BMW i3 иесі көлігі үшін 9 350 000 теңге сұрайды. Ал Kia Soul  8 800 000 мың, Tesla-ны  21 миллионнан 51 миллионға дейінгі аралықта сатып алуға болады. Алайда бұлардың көпшілігін автокөлік сатушы компаниялар арқылы тапсырыспен алдыруға болады. Бұл туралы  келесі материалда жариялаймыз.

Айта кетейік, Қазақстанда Еуроодақ аумағындағыдай электрокөлік сатып алушылар үшін бірқатар жеңілдіктер бар. Ең бастысы импорттық алып жоқ, утилизациялық алым мен бірінші рет тіркеу ставкасы 50%, көлік салығы төленбейді.

Мәселе…

Біздің елдегі электрокөлікке махабаттың артпауына басты себеп – көлік бағасының қарапайым халыққа қолжетімді болмауы, электрқуаттау стансалары мен электрокөліктерге қызмет көрсету орталықтарының жоқтығы. Қазіргі кезде Алматы мен Астана қалаларында ғана электрқуаттау стансалары жұмыс істейді. Бұған дейін БАҚ-да жыл соңына дейін қалаларда 100, Астана мен Алматы жолының бойында 20 электрстансасын орнату көзделген. Алайда жыл аяқталып қалды, жоспардың орындалғаны туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: islam.kz

М. Ақан