Көліктерден құралған кемпірқосақ

Көліктерден құралған кемпірқосақ
Фото: modifikasi.com

Джорджия штатында 76  Dodge Challenger көлігінен түрлі-түсті кемпірқосақ құрастырып шығарды. Статистика бойынша әлемде күміс түсті, ақ және қара түсті көліктер саны басым.

Dodge Challenger клубының мүшелері осы деректі жоққа шығарғылары келді ме, түрлі-түсті көліктерді жинауға бел шешіпті. Бұған шығарушы фирманың өзі көмектескен. 76 «Челленджерден» тұратын кемпірқосақтың ішінде көліктің сары түстісі ғана жоқ. Сары түсті көлік иелері шараға келе алмаған. Кемпірқосақты жасауға 2 сағат уақыт кеткен. Peach State Challengers автоклубы Атлантада 2014 жылдың қаңтарында құрылған. Бүгін де 400-ге жуық мүшесі бар.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Е. Жұмабайұлы