Парижде халықаралық автосалон ашылды

Парижде халықаралық автосалон ашылды

Жақында Мәскеуде өткен халықаралық автосалон өз жұмысын тоқтатты. Оның орнына әлемде тағы бір ірі мотор-шоу – Париждік автосалон ашылды.

Алғашында автосалонды 13 мыңға жуық журналист тамашалады. Ал бүгіннен бастап, яғни қазанның 4 күні автосалонды кез келген адам аралай алады.  Ең бастысы – осы көрмеде жүзге тарта әлемдік ашылу рәсімдері өтеді. Париждік автосалон тарихтағы тұңғыш автосалон болып есептелінеді. Себебі ол 1898 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: auto-mania.cz

Г. Бакытбекова