ChatGPT көмегімен жазылған кітаптар Amazon сайтында сатылып жатыр

ChatGPT көмегімен жазылған кітаптар Amazon сайтында сатылып жатыр
Фото: infocity.tech

Ақпан айының ортасындағы жағдай бойынша Amazon Kindle интернет-дүкенінде ChatGPT авторы немесе бірлескен авторы ретінде берілген 200-ден астам электронды кітап сатылымға қойылған.

Reuters Amazon Kindle сайтының ассортиментін талдады. Рочестерлік(АҚШ) Бретт Шиклер  өмірде кітабы жарық көретін автор боламын деп ойламаған. Бірақ ChatGPT пайда болғаннан кейін ол өзін жазушы ретінде сынап көруді шешкен.

Нақты сұрауларға жауап ретінде мәтіндік блоктарды жасай алатын чат-ботты пайдаланып 30 беттік кітап жазу үшін оған бірнеше сағат қажет болған. Содан кейін ол кітаптың элекиронды нұсқасын Amazon-да 2,99 долларға сатылымға шығарған, ал Amazon оны 9,99 долларға сатуға қойған. Кітап The Wise Little Squirrel: A Tale of Saving and Investing ("Кішкентай ақылды тиін: жинақтар мен инвестициялар тарихы") деп аталады. Кітап үлкен сұранысқа ие болмады, бірақ Шиклерге шамамен 100 доллар табуға көмектесті.

Бұл оқиға басқа кәсіпқой емес авторларды AI алгоритмдерін пайдаланып кітаптар жасауға ынталандыруы мүмкін. Жылдам ақша тапқысы келетін авторлар электронды кітаптар жасау және оларды Kindle Direct Publishing арқылы жариялау арқылы одан әрі монетизациялау үшін бағдарламалық құралға көбірек жүгінеді. Тіпті YouTube, TikTok және Reddit сайттарында бірнеше сағатта дайын кітапты қалай жасауға болатынын көрсететін көптеген нұсқаулық бар.

Т. Раушанұлы