АҚШ алғаш рет гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізді. Бұл қандай қару?

АҚШ алғаш рет гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізді. Бұл қандай қару?

АҚШ алғаш рет әуеден ұшырылатын гипер дыбысты зымыранның толық ауқымды жауынгерлік прототипін сәтті сынақтан өткізді. Мұндай қарулар қазірдің өзінде Ресей мен Қытайда жасалып жатыр. Гипер дыбысты зымырандар қандай қарулар және олардың даму бағдарламалары әртүрлі елдерде қалай ерекшеленеді?

АҚШ-тың гипердыбысты зымыран сынағы 9 желтоқсанда Калифорнияның оңтүстігінде Тынық мұхиты жағалауында өтті.

Сынақта B-52H Stratofortress бомбалаушы ұшағынан гипердыбысты AGM-183A ARRW (әуеден ұшырылатын жылдам әрекет ету қаруы) зымыраны ұшырылды.

Сынақ ұшуы кезінде гипердыбысты зымыран дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары жылдамдыққа ұшты және ұшу жоспарын орындағаннан кейін өзін-өзі жойды. Алдын ала болжам бойынша, сынақ толық сәтті өтті.

Дегенмен, Пентагон бұл зымырандардың шабуылдаушы қару-жарақ арсеналында қандай орын алатыны және оларды қандай қауіптерге қарсы қолдануға болатыны туралы шешім қабылдаған жоқ.

Гипердыбысты қару жасаудағы жарыс

Гипердыбысты қару жасау бағдарламасын әртүрлі елдер, соның ішінде АҚШ, Ресей және Қытай әзірлеп жатыр.

Ресей мен Қытай 2010 жылдардың басында өз бағдарламалары бойынша АҚШ-ты басып озды деп есептелінеді, ал қазір Вашингтон арақашықтықты жою үшін бұл секторға қомақты қаржы салып жатыр. Қазіргі уақытта АҚШ-та гипер дыбысты қару жасаудың бірнеше бағдарламасы әзірлеген.

Қаруды Lockheed Martin компаниясы АҚШ армиясы мен әскери-теңіз күштері үшін дайындап жатыр. 2023 жылдың соңына дейін бірқатар сынақтар өткізу жоспарланған.

Пентагонның Жетілдірілген зерттеу жобалары агенттігінде (DARPA) әзірленіп жатқан тағы бір жоба Гипердыбысты қару тұжырымдамасы (HAWC) деп аталады. Ол тікелей әуе реактивті қозғалтқышы бар қанатты зымыранды жасауды көздейді. Бұл әуеден ұшырылатын салыстырмалы түрде шағын зымыран болады.

Тағы бір жоба Hypersonic Attack Cruise Missile (HACM) деп аталады және оны Raytheon Technologies компаниясы АҚШ әуе күштері үшін әзірлеп жатыр. Жобаның егжей-тегжейлері әлі жарияланған жоқ, бірақ ол ұшақтан ұшырылатын зымыран болады деп жоспарланған.

Гипердыбысты қару деген не?

Гипердыбысты қару – бұл ауада жоғары жылдамдықпен ұшатын қару.

Гипердыбысты қарудың екі негізгі түрі бар, оларды шартты түрде «зымырандар» және «планерлер» деп аталады. Сонымен қатар, баллистикалық зымыран оқтұмсықтары қонған кезде гипер дыбыстық жылдамдыққа жетуге қабілетті, бірақ олар гипер дыбысты қару емес.

АҚШ-қа бұл қару не үшін қажет?

АҚШ гипердыбысты зымырандар мен планерлерді ядролық қару емес деп санайды, ал Ресей мен Қытайда олар кәдімгі қару ретінде ғана емес, сонымен қатар ядролық оқтұмсықтардың әлеуетті тасымалдаушылары ретінде де қарастырылады.

Бұл маңызды, өйткені ол ядролық емес қаруларға дәлдік бойынша қосымша талаптар қояды. Карнеги қорының ядролық қару жөніндегі сарапшысы Джеймс Эктонның айтуынша, АҚШ-тың гипер дыбысты технологияға деген көзқарасы күрделі, бұл гипердыбысты бағдарламалардың неге кешіктіріліп жатқанын түсіндіреді.

Т. Раушанұлы