SpaceX тарихтағы тұңғыш ғарыш турисін Айға ұшырады

SpaceX тарихтағы тұңғыш ғарыш турисін Айға ұшырады
Фото: Getty Images

Тарихтағы тұңғыш ғарышт турисі 82 жастағы Деннис Тито әйелі Акикомен бірге Илон Масктың кемесімен Айға ұшады. Бұл туралы bloomberg.com мәлімдеді.

Онымен қоса тағы 10-ға жуық турист шамамен бір аптаға Айға саяхаттап қайтады. Бірақ кеме Айға қонбайды. Қалған жолаушылардың аты-жөні, рейстің қай күні және Титоның рейске қанша төлегені әзірге жарияланбады.

SpaceX айға ұшу үшін Starship ғарыш кемесін пайдалануды жоспарлап отыр, бірақ ол әлі бір рет орбиталық рейс орындаған жоқ.

SpaceX бас директоры Илон Масктың айтуынша, компания ғарыш аппаратын әлі сынақтан өткізген жоқ және туристерді Айға жіберер алдында барлық құралмен жабдықталуы керек. Сынақ рейсі қараша айында болуы мүмкін.

"Бұл зымыран мұқият сынақтан өтеді. Біз Айға ұшпас бұрын, ол жүздеген рейс жасайды. Келесі жылы ұшпаймыз. Күтуге мәжбүрміз", - деді Деннис Тито.

2002 жылы миллиардер Илон Маск негізін қалаған SpaceX ғарыштық туризм нарығына өткен жылы шықты. 2021 жылы SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесі Жер орбитасында үш күн болды. 2022 жылдың сәуірінде компания туристерді алғаш рет Халықаралық ғарыш станциясына апарды.

Wilshire Associates инвестициялық компаниясының негізін қалаушылардың бірі Деннис Тито 2001 жылы турист ретінде ғарышқа аттанған. Ол "Союз ТМ-32" ғарыш кемесімен 7күн, 22 сағат бойы Жерді айналып өту үшін 20 миллион доллар төлеген.

Ұшу кезінде Титоның жүрегінде ақау бар екені анықталған, ал ХҒС-да ол салмақсыздықты игере алмай басын темір қабырғаға соғып, жарып алған. Екі жағдайда да ғарышкер Талғат Мұсабаев оған медициналық көмек көрсеткен. 

Қазір ол 82 жаста. Демек, ол Айға ұшса, ғарыштағы ең қарт адам атанады.

Т. Раушанұлы