Өз өнертабысының құрбаны болған ғалымдар

Өз өнертабысының құрбаны болған ғалымдар
Фото: i-fakt.ru

Адамзат жаралғалы бері ғылым мен техниканың арқасында өркендеп келеді. Оларсыз біздің бүгінгі әлем басқаша болар ма еді? Ал, өнертапқыш болу оңай және қауіпсіз жұмыс емес, өйткені өнертапқыш алдымен өз өнертабысның "дәмін" өзі татып көруі немесе оны басқа біреуде сынап көруі керек. Кейде мұның соңы қайғылы аяқталып жатады. Қысқаша айтқанда, өнертабыс құрбандықсыз болмайды. Массагет порталы өз өнертабысының құрбаны болған бірқатар ғалымды тізіп шықты.

Генри Флюкс – оттегі аппараты

1876 ​​жылы ағылшын Генри Флюкс тұйық контурлы оттегі аппаратын ойлап тапты. Костюмдегі ауаның орнына сығылған оттегі пайдаланылды. Бастапқыда бұл өнертабыс суға батқан кемедегі темір есіктерді жөндеу үшін қолданылады деп жоспарланған. Алайда кейінірек Флюкс оны 10 метр тереңдікте сүңгу үшін пайдалануға шешім қабылдады. Өкінішке қарай, ол – су астындағы жұмыстарды орындау үшін теңізге түсірілген арнайы камерадағы қысым – кессоннан қайтыс болды.

Франц Рейхельт – парашют

Рейхельттің өнертабысы тарихта "плащ-парашют" деген атпен қалды

Ол 1910 жылдың шілдесінде ұшқыш ұшақта ақау болған кезде секіріп, аман қалуға мүмкіндік беретін костюм құрастыра бастады. Манекендермен бірнеше  тәжірибелер сәтті болған сияқты көрінді, бірақ нәтиже тұрақты емес еді. Рейхельт мұның себебін бесінші қабаттағы балконның биіктігі төмен деп есептеді. 1912 жылы бірнеше рет петициялардан кейін ол Эйфель мұнарасында тәжірибе жасауға биліктен рұқсат алды.

Сол жылы 4 ақпанда ол эксперимент жүргізетін айтып жарияға жар салды. Жиналғандар оның маникенді қолданбай, өзі секіретінін естігенде шошып кетті.

Франц Рейхельт достары мен адамдар бұл идеядан қайтаруға тырысқанымен ол Эйфель мұнарасынан парашютпен секірді. Парашют ашылмай, 60 метр биіктіктен құлаған өнертапқыш қайтыс болды.

Уильям Буллок –  баспа машинасы

Америкалық өнертапқыш Уильям Буллоктың жаңа баспа станогын ойлап табуы оның жылдамдығы мен тиімділігі полиграфия саласын түбегейлі өзгертті. Бір күні абайсызда аяғы тайып, құрылғыға кіріп кеткен Буллок аяғын қатты жарақаттап алады. Бірнеше күннен кейін жарақат гангренаға айналып, ал 1867 жылы 12 сәуірде өнертапқыш Уильям Баллок Питтсбургтегі ауруханада аяғын ампутациялау отасы кезінде қайтыс болды.

Хорас Лоусон Ханли – сүңгуір қайық

1863 жылы 15 қазанда 40 жастағы Конфедерат Хорас Лоусон өзі ойлап тапқан сүңгуір қайығын сынау кезінде қайтыс болды.  Чарлстон шығанағының түбінде суға батқан кеме су бетіне қайтып шықпады.

Жана-Франсуа Пилатр де Розье – әуе шары

Жана-Франсуа Пилатр де Розье – француз физигі, химигі. Біріншісі (Маркиз д'Арландпен бірге) әуе шарында ұшқан адам.

Жас кезінде математика, физика, химия, жаратылыстану пәндерін оқып, кейін химиядан сабақ берді. Париждік "Атеней" ғылыми қоғамының негізін салды.

1783 жылы 21 қарашада диаметрі 48 фут (15,5 м) және биіктігі 74 фут (24 м) шарда, Розье Маркиз д'Арландпен бірге айтарлықтай биіктікке көтерілді. 1785 жылы 15 маусымда ол Ла-Манш бұғазын әуе шарымен кесіп өтпек болған кезінде шар өртеніп, Розье серігі Роменмен бірге қайтыс болды.

Исмаил ибн Хамад әл Джаухари – ағаш қанаттар

Әйгілі араб сөздігінің авторы Исмаил ибн Хамад әл-Джаухари өзі жасаған ағаш қанат пен арқан арқылы Нишапурдағы мешіттің төбесінен ұшпақ болған. 1002 жылдары бұл сәтсіз әрекеттің нәтижесінде қайтыс болды.

Т. Раушанұлы