2022 жылдың біртүрлі өнертабыстары

2022 жылдың біртүрлі өнертабыстары
Фото: LavvieBot S

Жаңа жылдан соң көп ұзамай Лас-Вегаста әлемдегі жетекші технологиялық көрмелердің бірі – CES-2022 ашылды. Кейінгі екі жылда алғаш рет шара әдеттегідей өтті. 2021 жылы көрме онлайн режимде болған еді. Ерекшелігі көрме тұтынушылық сектордағы маңызды IT шығарылымдарынан бастап өте оғаш өнертабыстарды көрсететті.

Lenta.ru жазған CES-2022 көрмесінде ұсынылған біртүрлі өнертабыстарды назарыңызға ұсынамыз.

© Mrkeybrd / YouTube

Түсін өзгертетін машина

Жаңа BMW концепциясының электронды кітапқа ұқсастығы бар. iX Flow корпусы түсін өзгертетін қабілетке ие. Электр өрісінің параметріне байланысты капсулалар түсі қара немесе аққа өзгереді. Инженерлердің айтуынша, бұл өнертабыстың эстетикалық жағы ғана емес, практикалық жағы да бар. Автокөліктің ақ түсі ыстықта аз қызады, ал қара, керісінше, қыста пайдалы болуы мүмкін.

Түрлі елдердің полицейлері хамелеон көліктеріне қалай қарайды екен? Себебі, түсін бірден өзгертетін көлікті қылмыскерлер көбірек пайдалана алады.

 Amagami Ham Ham ойыншығы © Yukai Robotics

Саусақ тістейтін ойыншық

Жапонияның Yukai Engineering стартапы CES-2022 көрмесінде саусақ шайнайтын жұмсақ ойыншық  Amagami Ham Ham-ды таныстырды. Құрылғының тұжырымдамасы адамның, әсіресе балаларына үй жануарларын сатып ала алмайтын жас ата-ананың қажеттіліктеріне негізделген. Өйткені, нәрестелердің көпшілігі үй жануарларын жақсы көреді және саусақтарын ауыртпай тістегенде қуанады.

Sengled ақылды шамы. © Sengled

Ақылды шам

Бұл шам бөлмедегі адамның денсаулығын бақылайды. Құрылғы жүрек соғу жиілігін, дене температурасын өлшейтін және ұйқы сапасын бақылайтын толқындар шығаратын арнайы FMCW радарын пайдаланады. Ол адам ауырып қалса, шам оның туыстарын хабардар ететін немесе жедел жәрдем шақыратын етіп бағдарламаланған.

Смарт шамды үйдегі қауіпсіздік құралы ретінде де пайдалануға болады. Пәтерде иесі жоқта  шам басқа адам барын білсе, ол туралы хабарлайды. Сонымен қатар, құрылғы құтқару қызметіне пәтердегі төтенше жағдайлар туралы хабарлайтындай етіп бағдарланған.

© ible Tech / YouTube

Ауа тазартқыш құлаққап

Airvida E1 әлемдегі алғашқы ауа тазартқыш ретінде ұсынылды. Шынында да, бұрын кез келген адам мұндай гаджетті жасауды ойлаған. Құрылғының прототипі 2019 жылы сатылымға шықты, ал коронавирус пандемиясы оны құрастырушыларды ерекше гарнитура жасауға итермеледі. Теориялық тұрғыдан құлаққаптар ауада ұшатын SARS-CoV-2 бөлшектерін жойып, ауаны тазарта алады.

Оны ауаны тазалаудан басқа дәстүрлі сымсыз гарнитура ретінде пайдалануға болады. Ауа тазалауда құрылғы қуаты отыз сағатқа жетеді, ал құлаққап ретінде сегіз сағат жұмыс істейді.

Т. Раушанұлы