Қытайдың "жасанды Күні" жұмыс істеу бойынша рекорд орнатты

Қытайдың "жасанды Күні" жұмыс істеу бойынша рекорд орнатты
Фото: Синьхуа

Қытайдың EAST термеядорлы реакторы 70 миллион градус температурада 17 минут жұмыс істеді. Бұл туралы  Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытайлар ғарышқа жасанды "Ай" шығармақшы

Құрылғының плазмасы Күннен бес есе күштірек қыздырылғаны және "жасанды Күн" 1056 секунд немесе 17 минут жұмыс істегені атап өтілді.

Қытай ғылым академиясының плазма физикасы институтының ғылыми қызметкері Гун Сянцзудың айтуынша, 2021 жылы жүргізілген тәжірибеде плазма 120 миллион градус температурада 101 секунд жұмыс істеген.

Бұл жобаның мақсаты – шексіз таза энергия өндіру.

Агенттік синтез энергиясы қауіпті қалдықтарды шығармайтынын және "жасанды Күн" үшін қажет шикізат Жер бетінде шексіз мөлшерде кездесетінін атап өтеді. Отын ретінде сутегі изотоптары қолданылған.

Жоба Қытайға 943 миллиард долларға түскен. Бұған дейін Қытай үкіметі Ченду аймағына жарық шығаратын жасанды Айды ғарышқа ұшыратынын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, 90-шы жылдары Ресей жасанды күн сәулелерін жасау бойынша осыған ұқсас эксперименттер жүргізген. Басында үш эксперимент жүргізу жоспарланған, бірақ оның біреуі ғана табысты болған. Екіншісі сәтсіздікке ұшыраса, үшіншісін жасауға мүмкіндік болмаған. Осыдан соң бағдарлама жабылып қалған екен. 

Сәтті болған тәжірибе “Знамя 2” миссиясы деп аталған. “Прогресс” зымыранына ұзындығы 8 шақырымға дейін созылушы күн сәулесін шағылыстыратын материалдан жасалған құрылғыны орналастырып, оны “Мир” айлағынан ұшырған. Құрылғы ғарышқа сәтті шығарылып, секундына 8 шақырым жылдамдықпен Оңтүстік Франциядан Батыс Ресей траекториясында қозғалған.

Осыдан соң мамандар "Знамя-2.5" атты тәжірибені өткізуді қолға алған. Ол бойынша 25 метрлі күн сәулесін шағылыстырушы құрылғы ғарышқа шығарылып, диаметірі 7 шақырымдық нүктені жарықтандыруы керек еді. Бірақ оны ғарышқа ұшыру сәтсіз болған. Алғашында құрылғы зымыран антеннасына ілініп қалып, осыдан соң "Прогресс М-40" зымыраны мұхитқа құлаған. 

Кейбір сарапшылар мұндай қондырғылар теориялық тұрғыдан алғанда қолдануға болатынын айтады. Мысалы, жасанды жарықтандыруды жарық түспейтін апаттық аймақтарда және ауыл шаруашылығында өнім алу мерзімін ұзартату үшін қолдануға болады.

Т. Раушанұлы