Нұрболат Дербісов: "Биыл 4 394 адам өрттен құтқарылды"

Нұрболат Дербісов: "Биыл 4 394 адам өрттен құтқарылды"

8 қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету" атты брифинг өтті. Оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің басшысы Құрымбаев Ерік қатысты.

Орта есеппен құтқару бөлімшелері күн сайын әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 100-ден 150-ге дейін шығады. Әрине, олардың көпшілігі өртті сөндіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлім етті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың 10 айында республикада 9 мыңнан астам өрт оқиғасы орын алған. Өрт салдарынан 358 адам зардап шекті, 297 адам қаза тапты, 4 394 адам құтқарылды. Жалпы өрт саны 8 пайызға, тұрғын үй секторында 13,6 пайызға азайған. Бұл ретте өрт санының жалпы төмендеуі кезінде қаза болғандар саны 16 пайызға, жараланғандар – 45 пайызға өскен.

Жыл сайын жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрттің алдын алу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады.

"Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесіне сүйене отырып, Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық өңірлердегі департаменттері 15 тамыз бен 15 қазан аралығында республикалық өрт қауіпсіздігі акциясын өткізді. Науқанның ерте басталуы жылыту маусымы басталғанға дейін, яғни жылы мезгілде пеш орнату кезіндегі заң бұзушылықтарды жою қажеттілігіне байланысты болды. Өрт қауіпсіздігі іс-шарасының 1-кезеңінде 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында әкімдік өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының, көп балалы отбасылардың, жетім балалардың тұрғын үйлеріне бару ұйымдастырылды, оның ішінде қажетті көмек көлемі анықталды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

15 қыркүйек пен 15 қазан аралығындағы өрт қауіпсіздігі науқанының екінші кезеңі төтенше жағдайларға барынша бейім, яғни автономды жылыту жүйесі бар тұрғын үйлердегі профилактикалық жұмыстарды жалпы қамтуға бағытталған.

"Қазіргі уақытта 107 мыңан астам тұрғын-үй есепке алынды. Оларды 100 пайыз араладық. Шамамен 400 мың адамға нұсқау берілді. Жалпы, 764 мыңнан астам үйді аралау қамтылды. Алайда 51 мыңның үйдің тұрғыны тексеру және кеңес алудан бас тартты. Әкімдік өкілдерімен бірлесіп 71 мың үйге барып, 747 мың адамға нұсқау берілді. 118 мың тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу анықталып, оның ішінде 40 мыңнан астамы сол жерде толығымен жойылды. Ол заң бұзушылықтың 90 пайызы электр тогын пайдалану және автономды жылыту жүйелеріне қатысты болды. Бұл профиллактикалық жұмыс бір рет аралаумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігін бұзған үйлерді қайта тексеру жүзеге асырылады. Биылдың соңына дейін  2 миллион жеке тұрғын-үйді аралау жоспарланып отыр", - деді Нұрболат Дербісов.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі биыл өрттен қаза болғандар мен аман қалғандар саны қаншаға азайғаны туралы да айтты.

"Биыл өрт саны 20 пайызға, одан қаза болғандар саны 32,5 пайызға азайғаны байқалды. Кейінгі 2 жылда тұрғын-үйлерде өрттердің саны айтарлықтай төмендегені анықталды. Мысалы, былтыр 19 өрт тіркелген болса, биыл 1 ғана өрт тіркелген. Жеке тұрғын-үйлерде улы газға қарсы датчиктер орналатылуы жалғасып жатыр. Бүгінде Республика бойынша тұрғын үйлерде 14594 датчик орнатылды. Оның ішінде табиғи газға 7756, улы газға 703, түтін датчиктері 135 орнатылған. Кейінгі 3 жылда әкімдік демеушілігімен 135 мың датчик орнатылды. Осы жұмыс нәтижесінде былтыр 147 адамның өмірі құтқарылды. Былтыр улы газ мөлшерін көрсететін 4 датчиктің қосылуынан 15 адам қатты уланудан аман қалды. Ал, биыл улы газдан 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Жылыту маусымы басталғалы қаза болғандар саны 4 есеге, жарақат алғандар саны 60 пайызға төмендегені байқалды. Құрметті, тұрғындар Төтенше жағдай министрілігі жыл сайын жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді. Сондықтан, өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмысын алам десеңіз жергілікті органдарға хабарласуыңызға болады", - деді Нұрболат Дербісов.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, еліміздің көп өңірлерінде қабырғасы ағаштан салынған (карказ) үескі үйлер көп екені, бұл үйлерде токтың қысқа тұйықталуының өзі үлкен өрт тудыратынын атап өтті.

"Біздің атымызға келетін сын ескертпелерді жиі естіиміз. Және бқл сындарда сабақ алуға тырысамыз. Осындай брифинг және дұрыс қойылған сұрақ, сындардың арқасында жыл сайын бірнеше өрттің алдын аламыз", - деді Нұрболат Дербісов.

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мегаполис қалаларда өрт сөндіріудің бірнеше кедергілеріне тоқталды.

"Біріншіден, үлкен сауда орталығында өрт шықса, біз уақытылы барғанымызбен оның айналасында ретсіз қойылған көліктер кесірінен өрт шыққан ғимаратқа жете алмай тұрып қаламыз. Екіншіден, машиналарды өрт гидранттраның үстіне қойып тастайды да, біз сол гидрантқа қол жеткізе алмай қаламыз. Үшіншіден, бұл ғимараттардың иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын біздің көзімізше сақтағанымен, кейінгі жағдайларда сақтамайды. Жаңа айтқанымдар су гидранттарының үстіне көлік қойып тастайды. Өрт сөндірушінің көлігіндегі су 6-10 минуттан соң таусылады. Көп адамдар осыны ескермей, өрт сөндірушілер сусыз келді деп жатады. Жоғарыда айтып өткенімдей өрт сөндірушілер сусыз келмейді. Олар әскери дайындықта тұрады. Ол барған жердегі су гидранты жарамсыз болса, басқа жарамды жердегі гидранттан су әкеледі. Ал, енді өзіміз қолдан өсіріп отырған уақытты алып тастасақ, бәрі заң талабында болса біз өртті тез өшіретін едік", - деді комитет төрағасы.

Нұрболат Дербісов сонымен қатар өңірлерде газ инспекциясы құрылып жатқандығын да атап өтті.

"Былтыр барлығымыз үшін, әсіресе Түркістан өңірі үшін қиын кезең болды. Қазір өртке қарсы газ инспекциясы құрылды. Штаттар шетіспей жатыр. Олардың біздің төтенше жағдай департаментімен жергілікті әкімдікпен бірлесіп биылдан бастап ауқымды жұмыс бастады. Оның нәтижесі алдағы жылдары болады деп ойлаймын. Адам өмірі құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін емес, барлығымыз үшін бірінші орындағы мәселе. Бұрын газ қауіпсізгіне қатысты маман жоқ еді. Енді сол кемшіліктің орын толтырдық. Көш жүре түзеледі, алдағы уақытта бұл істер өз жемісін береді", - деді Нұрболат Дербісов.

Т. Раушанұлы