2021 жылдың ең үздік өнертабыс өнімдері

2021 жылдың ең үздік өнертабыс өнімдері
Фото: bloglovin.com

Time журналы 2021 жылдың ең үздік техникалық өнімдерді жинақтап ұсынды. Бұл тізімді танымал журнал жыл сайын жасайды.

Биылғы тізім арнайы категориялар бойынша жинақталған екен. "Қосымша және софт" бөлімінде Neeva қауіпсіз іздеу жүйесі (ешқандай жарнама жоқ ішінде), Subdial баспа қосымшасы, MTA Live Subway Map интерактивті картасы сынды үздік өнімдер жүр.

Ал VR және AR саласынан журнал Lenovo ThinkReality A3 Smart пен Qualcomm Snapdragon XR2, Google Maps-тың қосымша виртуалды режімін ең үздік деп тапқан екен.

Тұтыну электроникаларының арасында Paper Shoot Camera фотоаппаратын, Samsung-тың Galaxy Z Flip3 атты жиналып-ашылмалы ұялы телефонын, Framework Laptop модульді ноутбугін, Vecnos IQUI атты ақылды селфи-таяқшаны, JLab JBuds Frames смарт-көзілдірігін үздіктер қатарына қосқан екен.

Авторлар денсаулық сақтау саласында үздік өнертабыс ретінде COVID-19 пен безгек ауруына қарсы вакцинаны таныған.

Айта кеткен жөн, былтыр Time журналы PlayStation 5 пен Xbox Series X ойын тақташасын, Samsung Sero теледидарын, Microsoft Surface Duo жабылып-ашылмалы қалта телефонын үздік деп тапқан еді.

Қ. Слямбек