Ғалымдар смартфонды саусақпен қуаттауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты

Ғалымдар смартфонды саусақпен қуаттауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты

Калифорния университетінің ғалымдары саусақтың ұшымен техниканы қуаттайтын құрылғының прототипін ойлап тапты. Бұл туралы The Science Times хабарлады.

Құрылғы сыртынан гипске ұқсайды. Оның жұмысы үшін ешқандай қозғалыс қажет емес, ол өздігінен пайда болатын терді электр қуатына айналдыра алады.

Зерттеушілердің айтуынша, саусақтардың ұшында денеде тер бездерінің ең көп концентрациясы болады, әр саусақ дененің басқа бөліктеріне қарағанда 100-1000 есе көп тер шығарады.

Электр өткізгіштер терді сіңіреді, ал электродтардағы ферменттер электр энергиясын алу үшін химиялық реакцияға түседі. Содан кейін энергия кішкентай конденсаторға жиналып, құрылғыны қуаттауға жұмсалады.

Бұл құрылғы күн сайын электронды сағатты 10 сағаттан 24 сағатқа дейін қуаттауға жететін 400 миллиджоуль энергия жинайды. Бұл бір саусақты құрылғының нәтижесі. Ғалымдар болашақта құрылғының көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы