NASA ғалымы Марсқа ұшу бойынша Илон Масктың идеясы жүзеге аспайтынын айтты

NASA ғалымы Марсқа ұшу бойынша Илон Масктың идеясы жүзеге аспайтынын айтты

NASA реактивті қозғалыс зертханасының жетекші зерттеушісі Вячеслав Турышев Илон Масктың Марсқа ұшу идеясы жүзеге аспайтынын айтты.

Ғалымның пікірінше, Илон Маск Марсқа ұшып кеткісі келетіндіктен, жаһандық апат қаупін асыра сілтеген. NASA-ның 40-қа жуық миссиясын дайындауға және өткізуге қатысқан Турышев ұшудың өзі экспедиция мүшелері үшін сәтсіз аяқталуы мүмкін екенін айтты.

"Бізге ірі астероидтың соғылу ықтималдығы бар, бірақ бұл өте төмен. Бірақ бұл оқиға тап қазір емес, бірнеше жүз жылдан кейін болуы мүмкін. Осы тәуекелге негізделген Марсқа жаппай қоныстану сияқты қадамдар жасау қажет пе? Мұндай жағдай болатыныны бұрын да ескертілген. Сондықтан біздің Марсқа қоныс аударуымыз туралы тезис негізсіз", - деді Турышев.

Ғалым NASA Жерге қауіпті астероидтарды іздейтін, қауіптің алдын алатын технология жасағанын айтты.

"Илон Масктың Марсқа ұшып кетуіне сылтау болатын себеп тағы біреуге азайды", - деді ол.

Алайда технологияларды дамыту және жаңа білімді игеру тұрғысынан алғанда, Турышев өршіл мақсаттар қоятын Илон Масктың болғанына қуанатынын айтты.

Марсқа ұшуды ұйымдастырудағы қиындықтардың ішінде ол тіршілікті қамтамасыз ететін кейбір технологиялар жоқ екенін айтты.

"Айталық, ғарыш кемесі Марсқа келді, ал экипаж мүшелерінің ғарыштық радиацияның әсерінен ДНҚ-сы өзгереді, рак ауруы қаупі артады. Екіншіден, ұзақ ұшудан кейін бұлшықеттер атрофияға ұшырайды, кальций сүйектен мүлдем жоғалады. Марстың бетінде физикалық жұмыс істеу мүмкін емес. Себебі адамдар ауыр жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалады.  Осындай әлсіреген дененің жарақат алу қаупі артады. Ал шектеулі адамдар тобымен ұзақ уақыт оқшауланудың психологиялық проблемалары тағы бар" - деді ғалым.

Оның айтуынша, Марстағы өмір бүкіл адам ағзасын қайта құруды қажет етеді.

"Маск Марста өлгім келеді дейді, бірақ оған Жер бетінде бақытты өмір сүруге не жетпейді?", - дейді ғалым.

Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары

Бұған дейін Илон Маск адамзатты планетааралық түрге айналдыру және адамдардың бір бөлігін Марсқа көшіру қажеттілігі туралы бірнеше рет ойын айтқан. Ол үшін SpaceX Starship зымыранын құрастырып жатыр.