Әлемдегі ең үздік браузер анықталды

Әлемдегі ең үздік браузер анықталды
Фото: legkovmeste.ru

Atlas VPN компаниясы әлемнің іздеу жүйелері бойынша статистикалық ақпарат жариялады. Аталмыш ақпаратқа көз жүгіртсек, әлемде қолданушысы көп ең үздік браузер – Google-дің Chrome екен.

Қазіргі уақытта оны 3,3 млрд адам қолданады. Бұл бүкіл браузер қолданушыларының 41 пайызын құрайды.

Екінші орында тұрған – Safari. Оны 944 млн адам пайдаланады. Бұл браузерді көбінесе iPhone мен Mac ұстаушылар қолданады. Apple-дің техникаларына да шетінен осы браузер орнатылған.

Үшінші орында Firefox, төртінші орында Windows-тің ресми браузері Microsoft Edge тұр. Соңғысын әлемнің 171 млн адамы қолданады.

Бұдан кейін Samsung Internet, ал одан соң Opera тұр.

Бұлардың арасында Microsoft жасап шығарған Internet Explorer мүлде жоқ. Кейінгі кезде оны қолданушылар тіптен азайып кетті.

Айта кеткен жөн, браузерлердің арасында Chrome қолданушылардың көп екенін Statcounter аналитиктері де айтқан еді. Олар Chrome-ның браузер кеңістігіндегі үлесі 67 пайыз деп шығарған. Одан кейін Safari мен Firefox тұр.

Қ. Слямбек