Microsoft 2022 жылы Internet Explorer браузерін қолдауды тоқтатады

Microsoft 2022 жылы Internet Explorer браузерін қолдауды тоқтатады
Фото: rozetked.me

Microsoft корпорациясы 2022 жылы Internet Explorer браузерін қолдауды толықтай тоқтатады. Оның орнына қолданушыларына Edge браузерін пайдалануды ұсынады.

Internet Explorer 11 браузеріне қолдау 2022 жылдың 15 маусымында аяқталады. Одан кейін Microsoft Edge-де ІЕ (Internet Explorer) режиміне кіру мүмкіндігі болады. Ол арқылы ескірген веб-сайттар мен кей бағдарламаларды Internet Explorer базасынан ашуға мүмкіндік қарастырылған. 

Компания өкілдері Internet Explorer-ден Edge-ге өту көп қиындық тудырмайтынын хабарлап отыр. Ол үшін бірнеше команданы орындаса болғаны. Оны орындаудың арнайы нұсқаулығы ұсынылады.

Microsoft корпорациясы мұндай қадамға қолданушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барып отыр. Олар ұсынған Edge браузері фишинг шабуылдар мен қауіпті бағдарламалардан өте жақсы қорғалған.

Өзге де қызықты ақпараттарды сайтымыздың instagram парақшасынан қарай аласыздар.

Н. Үсенова