БАӘ ғарыш зонды Марстағы алғашқы суретті жіберді

Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Амал" (Үміт) аталатын ғарыш зонды Марстағы алғашқы суретті жіберді. Бұл туралы БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі Мұхаммед бен Рашид Аль Мактум Twitter желісінде хабарлады.

Дубай әмірі араб зонды түсірген фотосуретті жариялап, оның Қызыл планета бетінен 25 мың шақырым биіктікте түсірілгенін айтты.

Аль-Амал зонды 2020 жылы 20 шілдеде Жапонияның Танегашима аралындағы ғарыш айлағынан H-IIA зымыран тасығышы арқылы ұшырылған.

Марсты зерттеуге арналған 1350 келілік құрылғы БАӘ ғарыш агенті, Мұхаммед бен Рашид ғарыш орталығы және АҚШ-тың үш университетімен бірлесіп жасалған. Ол Марстың климатын анықтайтын факторларды белгілеу үшін қолданылады. Миссия шамамен екі жылға созылады.

9 ақпанда БАӘ-нің "Аль-Амал" ("Үміт") автоматты планетааралық станциясы шамамен 500 миллион қашықтықты басып өтіп, Қызыл планета орбитасына жеткен болатын. Осылайша, БАӘ ғарыш кемесі Марсқа жеткен бесінші ел атанды.