Facebook "ақылды" сағат шығарады

Facebook "ақылды" сағат шығарады
Фото: appleuzmani.net

Facebook 2022 жылы "ақылды" сағат шығарады.

Facebook-тің "ақылды" сағаттары ұялы байланыс арқылы жұмыс істейді. Сондай-ақ, компания сағаттардың медициналық және фитнес компанияларының қызметтеріне қосылуына мүмкіндік беруді жоспарлап отыр.

Verge басылымының хабарлауынша, құрылғы Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Facebook өзінің операциялық жүйесін де іске қосады.

Facebook "ақылды" сағаттардың алғашқы нұсқасын 2022 жылы, ал екінші буын сағаттарын 2023 жылы шығарады.

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісін 2004 жылы ақпан айында 19 жастағы америкалық студент Марк Цукерберг құрды. Штаб-пәтері Менло Паркте (Калифорния) орналасқан. Facebook-те Messenger, WhatsApp және Instagram қызметтері бар.

Т. Раушанұлы