H&M компаниясы ескі киімді қайта өңдейтін технология жасап шығарды

H&M компаниясы ескі киімді қайта өңдейтін технология жасап шығарды
Фото: hm.com

H&M киім бренді ескі киімді бес сағатта қайта өңдеп шығаттын Looop атты машина жасады. Бұл туралы Fast Company хабарлады.

Компания Стокгольмдегі дүкендердің біріне көлемі жүк контейнеріндей әйнек қорап орнатып қойған. Оның ішінде қызметкерлер Looop машинасын қолданып тұтынушылар әкелген ескі киімдерді ұсақтап, қайта тігіп шығады. Қайта өңдеуге бес сағат кетеді. Тұтынушылар дүкенге кіргенде өткізген киімін шығарда ала кетеді.

Looop машинасында су, химиялық заттар қолданылмайды. Сонымен бірге қайта өңдеу процесі дәстүрлі киім жасау әдісіне қарағанда қоршаған ортаға зиянсыз. Дегенмен бұл машина өнеркәсіп мақсатында қолданылмайды.

Жаңа киімге тұтынушылар 16 доллар төлейді. Барлық пайда материалдарды зерттеуге жұмсалады, дейді басылым.

Компанияның айтуынша, бұл жобаның идеясы – клиенттерге қайта өңдеу процесін көрсетіп, оларды ескі киімнен құтылып, жаңасын киюге ынталандыру, ескі киімді қоқысқа тастамай кәдеге жарату.

H&M 2019 жылғы сәуірде Infinited Fiber атты экологиялық стартапқа инвестиция салған еді. Бұл машина – соның нәтижесі.

Massaget.kz