Әлемдегі ең қуатты камера

Әлемдегі ең қуатты камера
Фото: Gizmodo Australia

Заманауи смартфонды камерасыз елестету мүмкін емес. Технология жарысында компаниялар бірінші кезекте камераның сапасы бойынша жарысып келеді. Алайда әлемдегі ең қуатты камера біздің смартфонда не кәсіби фотоаппаратта деп ойласаңыз қателесесіз.

Әлемдегі ең қуатты фотоаппарат Чилидегі Үлкен синоптикалық бақылау телескобына (LSST) орнатылған. 3,2 гигапиксельдік камера 2022 жылы іске қосылады.

Алпауыт камераның салмағы – 3 тонна. Ғалымдар камераны 10 жыл жұмыс істейді деп жоспарлап отыр. Осы уақыт ішінде 800-ге жуық жоғары сапалы фото түсіреді екен.

Ферми атындағы Ұлттық жылдамдату зертханасының ғалымдары жасаған қуатты камера LSST телескобының "көзіне" айналады. Аталмыш камераның арқасында ғалымдар ғаламшардағы түрлі денелердің сапалы фотосын алып, өзге де жұлдыздарды анықтауға мүмкіндік алады.

Сера-Пачон тауында орналасқан обсерваторияда жұмысын бастайтын камера әр түнде оңтүстік аспан аясын суретке түсіретін болады. Осының арқасында ғалымдар бұған дейін болмаған жұлдыздар жүйесінің толық картасын жасауға үміттеніп отыр. 

Бұған қоса қуатты камера аспанды әртүрлі фильтрде түсіретін қабілетке ие. Көзге көрінетін әрі жақын ультракүлгін спектрдан бастап жақын инфрақызыл спектрға дейін түсіреді. Ал 3,2 гигапиксель болатын камераның бір фотосын жүктеу үшін 1500 жоғары сапалы монитор қажет екен.

А. Рысдәулет